Түркістан облысында мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары көп. Осы орайда ҚР АШМ ВБжҚК-нің Кентау қалалық аумақтық инспекциясының мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен айналысатын қала және ауыл тұрғындарын жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларына аса қауіпті ауруларға қарсы республикалық бюджет есебінен вакцинация тегін жүргізіп жатыр. Ауа температурасының күрт жоғарылап кетуі аса қауіпті «Сібір жарасы» ауруының шығып кету қаупі жоғары. Сондықтан Сіздерден, жануарлардың ауырғаны не ауруға күдік келтіргені туралы ветеринар мамандарына дереу, уақтылы хабарлауды және олар келгенше жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануды сұраймыз. Ауырған және ауруға күдікті жануарларды ветеринар дәрігерлеріне көрсетпей лажсыздан союға, сатуға болмайтындығын хабарлаймыз. Өз білермендікке салынбаңыздар! Вакцина егілген жануарларды 14 күнге дейін союға, өнімін (етін) пайдалануға тиым салынады. Егілмей қалып қойған (жаңадан келген), жануарларыңыз болса тез арада ауылдың ветеринар мамандарына хабарлап, жануарларыңызға вакцинация жасатыңыз. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, өз жануарларыңызға уақтылы вакцина ектіруге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге міндетті екендеріңізді ұмытпаңыздар! Заң талаптарын білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Жануарларыңызды вакциациядан қалдырмаңыздар! С.Бархиева, ҚР АШМ ВБжҚК-нің Кентау қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы