Бүгін Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы әкімінің м.у.а Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс болып өтті. Жиынның басында мәжіліс төрағасы жаңадан тағайындалған аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Марат Төреевке, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ардақ Талдыбаевқа жұмыстарына сәттілік тіледі. Жалпы, аппараттық мәжілістің күн тәртібінде: — Бюджет қаржысының атқарылуы(салық өндіру, кіріс көзін арттыру, шығыстардың орындалуы); — ауданның әлеуметті-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы және 6 айлық болжам; — «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» жоспарының орындалуы(индикатор көрсеткіштер, үш жақты келісім-шарт, 4АШ орындалуы); — инвестиция тарту жұмыстары және индикаторлық көрсеткіштерінің орындалу барысы. Әрбір мәселе бойынша сала басшылары баяндама жасады. Сондай-ақ, аудан әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық кеңестерде берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы талқыланды. Мәжіліс соңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі индикаторлар көрсеткішін жоспарлы түрде орындау үшін ауыл округтердің әкімдеріне жұмысты жандандыру тапсырылды. Сонымен қатар, ауданның экономикасын дамытудың басты бағыттарына талдау жасалып, көрсеткіші төмен Бадам, Бөржар, Қараспан, Төрткүл, Шұбар ауылдық округтерінің әкімдеріне жоспар бойынша бекітіліп берілген кәсіпкерлік нысандардың жеке инвистицияларын статистикаға тапсырудағы жұмыстарына сын айтылды. Аталған мәселе аудан әкімі аппараты басшысының бақылауына алынды.