Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы әкімінің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен негізгі индикаторлардың орындалу, аудан аумағындағы елді мекендердің оңтайландырылған бас жоспармен қамтылуы, аудан аумағындағы санитарлық-тазалықпен сенбілік жұмыстарының қорытындысы туралы қаралды. Жиында алдымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева 2023 жылдың 4 айдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен негізгі индикаторлардың орындалуы жөнінде баяндады. «Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына» сәйкес, ағымдағы жылға ауданға 43 индикатор бойынша жоспар бекітілгенін атап, салалардағы индикаторлардың орындалу барысына тоқталды. Биылғы жылдың I жартыжылдығының қорытындысымен негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсім қарқыны мен жоспардың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынды. Мұнан кейін ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласына бекітілген 14 индикатор бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Б.Олжаев қосымша баяндады. Сайрам ауданын дамытуға бағытталған негізгі капиталға инвестицияның көлемі 2023 жылға 40,5 млрд.теңге немесе 2022 жылмен салыстырғанда 102,4%-ға өсіммен жоспарланған. 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 12,0 млрд.теңге көлемінде күтілуде. Өткен жылдың мерзімімен нақты көлем индексі 150%-ды немесе 4,1 млрд. теңгеге артты. 2023 жылдың 5 ай жоспары 3,9 млрд.теңгеге артығымен орындалды. Екінші кезекте Сайрам аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы Б.Моминжанов Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, бөлім тарапынан құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыра отырып, аудан көлеміндегі елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру, қала құрылысы регламенттерін сақтауды және жобаларды іске асыру, облыс және аудан әкімі тапсырмаларын орындау мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Халық саны 5000 тұрғыннан асатын 7 елді мекен бас жоспармен қамтылған. Халық саны 5000 тұрғынға дейінгі 35 елді мекен дамыту мен құрылыс салу схемаларымен қамтылған. Күн тәртібіне сәйкес, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев аудан аумағындағы санитарлық тазалық жағдайын айтты. Мәліметінше, барлық ауылдық округтерінің аумақтарына санитарлық тазалық жағдайын зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Өткен аптадағы сенбіліктің қорытындысы бойынша көше бойлары мен аяқжолдары ретке келтіріліп, арықтарымен иригация жүйелері қоқыстардан тазаланып, көше бойындағы арам шөптер орылды. Облыс әкімдігінің берілген тапсырмасына сәйкес, аудандағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық-тазалақ, жол бойындағы үйлердің қасбетін және қоршауларын ретке келтіру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Бүгінгі таңда ауылдық округі әкімдерінің тарапынан іс-шаралар жоспары бойынша санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті атқарылуда. Мәжіліс соңында аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сала басшылары мен ауылдық округтерінің әкімдеріне тапсырмаларын жүктеді. Салаға жетекшілік ететін орынбасарларға бақылауға алудың қажеттілігін ескертті.