Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы, Құркелес, Тегісшіл, Жартытөбе ауылдық округтеріне арнайы барып, каналдардың жағдайымен танысты. Айта кетсек, аталған ауылдық округтердегі 54-тармақ, Қаратұқым, Сарыүйсін және Шеңгелді каналдарының су өткізу қабілеті төмендегендіктен, ағымдағы жылы бюджеттен қаржы бөлініп, «Тұран-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын тарапынан механикалық тазалаудан өткізілуде. Механикалық тазалау жұмыстарының барысымен танысқан аудан басшысы Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкіліне және тиісті бөлім басшысына,ауылдық округ әкімдеріне жұмысты сапалы орындап, тұрғындарға ағын су жеткізуден мәселе болмау керектігін ескерттіп, механикалық тазалау жұмыстары барысында шығып жатқан мәселелерді дер кезінде шешілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар,аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрақты түрде бақылауында болатынын жеткізді.