Экономика Төлебилік кәсіпкер сабын өндірісін қолға алды Редактор 06.07.2023 17229 1 оқу мин Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы — белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Ұлттық жоба аясында, Ақбастау ауылының тұрғыны Доскулов Болатбек мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібін ашты. Жеке кәсіпкер 2023 жылы грант берудің I-ші легінде 1 млн. 380 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болып, сабын өндіру цехын іске қосты. Бүгінде кәсіпкер бір адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкердің айтуынша жергілікті сабын өндірісіне бағасы қол жетімді болуына байланысты сұраныс көп екен. «Қайтарымсыз грант – аудан тұрғындарына кәсіп бастауға үлкен көмек. Мен алдымен арнайы кәсіпкерліктін курсын оқыдым, сосын осы сабын өндірісін зерттеп, курсын оқып шықтым. Еңбектің наны тәтті дейді. Еңбексіз адам арманына жете алмайды. Алдағы уақытта осы кәсібімді дамыту мақсатында соңғы үлгідегі заманауи аппараттарды алып, кәсібімді одан әрі дамытуды көздеп отырмын», — дейді кәсіпкер. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 8310 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 7035 Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 57715