
Фото: ontustik.gov.kz
Жас кәсіпкерлердің болашағы жарқын
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Созақ аудандық филиалы мен Созақ аудандық "Жастар орталығы" КММ бірлескен "Жастарға кәсіптік білім беру мен бизнестің интеграциясы" атты тақырыпта жастар форумы өткізілді. Форумның мақсаты - аудан жастарын кәсіпкерлікке баулу арқылы жастар кәсіпкерлігін дамыту, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ниеті бар дарынды, білімді жастарды анықтау және ынталандыру. Аталған форум барысында "Өркен" жобасы мен "Оңтүстік инновация" байқауының бағдарламасы мен шарттары түсіндіріліп, осы тақырыпта пікір алмасты. Жастарға арналған форумды өткізуге Жастар орталығы ұжымы үлкен көмегін тигізді, нәтижесінде форум жоғары дәрежеде өтті. Соңғы әлетте ауданда кәсіпкерлік саласында бағын сынап көруге бел буған жастар қатары өсіп келеді. Өнім өндіруден бөлек қызмет көрсету саласында да ісін ілгерілетіп отырған жастар баршылық. Кәсіпкерлік мектебінде терең білім алған жастар бизнес жоспар жасаудан бастап, маркетингтік зерттеуді де жетік меңгерген.
ПІКІР (0)
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Соңғы жаңалықтар

2023-12-04: «Мақсатымыз – түбі бір түркі елдерін жақындастыру»: Алматыда ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы басталды 110 0
2023-12-01: ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ КИКБОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ 285 0
2023-12-01: ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ 297 0
2023-11-29: Түркия туризм саласында халықаралық стандарттарға сай 47 0
2023-11-29: Стамбул вошел в число «50 лучших мест для путешествий в 2024 году» 441 0
2023-11-29: Cтамбұл «2024 жылы саяхаттауға лайық ең жақсы 50 жер» қатарына енді 458 0
2023-11-28: Түркияда өткен жаһандық медиа форум 552 5
2023-11-28: Мейірімділік акциясына ат салысты 578 0
2023-11-28: Қыздар жиналысы өтті 567 0
2023-11-27: Мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды 571 0

Поддержка предпринимателей
161261
822
