Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Созақ аудандық филиалы мен Созақ аудандық «Жастар орталығы» КММ бірлескен «Жастарға кәсіптік білім беру мен бизнестің интеграциясы» атты тақырыпта жастар форумы өткізілді. Форумның мақсаты — аудан жастарын кәсіпкерлікке баулу арқылы жастар кәсіпкерлігін дамыту, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ниеті бар дарынды, білімді жастарды анықтау және ынталандыру. Аталған форум барысында «Өркен» жобасы мен «Оңтүстік инновация» байқауының бағдарламасы мен шарттары түсіндіріліп, осы тақырыпта пікір алмасты. Жастарға арналған форумды өткізуге Жастар орталығы ұжымы үлкен көмегін тигізді, нәтижесінде форум жоғары дәрежеде өтті. Соңғы әлетте ауданда кәсіпкерлік саласында бағын сынап көруге бел буған жастар қатары өсіп келеді. Өнім өндіруден бөлек қызмет көрсету саласында да ісін ілгерілетіп отырған жастар баршылық. Кәсіпкерлік мектебінде терең білім алған жастар бизнес жоспар жасаудан бастап, маркетингтік зерттеуді де жетік меңгерген.