Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: facebook

Тұтынушылар үшін сапалы өнім

712 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-10

Оңтүстік Қазақстан облысындағы кілем, кілем өнімдерін және полипропилен жіптерін өндірумен айналысатын еліміздегі алғашқы «Бал Текстиль» кілем фабрикасы экспорт көлемін 20-30 пайызға арттырды. Бүгінде компания өнімдерін Ресей, Қырғыстан, Тәжікстан мен Азербайджан сынды елдерге экспорттауда.

Жылына 5 млн. шаршы метр кілем тоқып, 4 мың тонна полипропиленді кілем түгі жібін өндіруге мүмкіндігі бар фабрика өткен жылы 3 млн. шаршы метр кілем шығарды. Салынған инвестиция көлемі 1,7 млрд.  теңге болатын  фабрикада 240 адам жұмыс істейді.

Фабрикада өндірістік қуаты тәулігіне 9 мың ш.м дейін кілем тоқитын  «Van De Wiele» фирмасының 7 станогы, полипропилен жіптерін иіретін соңғы үлгідегі Франция мемлекетінде жасалған «SUPERBA», Германия мемлекетінде жасалған «AlmaVolkmann» және «OerlikonNeumag»  орнатылған. 

Кілемдер синтетикалық пропилен жіптерінен дайындалады. Полипропилен немесе қысқартып айтқанда BCF жібі қолданысы ең көп таралған  материал болып табылады. Ол жіптің ерекше қасиеттерінің бірі –оның ширатылмайтындығы. Яғни, иірілмеген жіп кілем тоқудағы шығынды мүмкіндігінше азайтады, соның арқасында, кілем шығарудың жұмысын жеңілдетеді.

Фабрикада «Бал текстиль» брендімен мың түрлі кілем тоқылып, «BCF», «Heat-Set», «Frize» маркалы полипропилен жіптері иіріледі.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кілем фабрикасы қазақстандық кәсіпкерлер мен кілем шығаратын «Kartal Carpets» атты түрік компаниясымен бірігіп 2013 жылдың қазан айында іске қосылған.

 

Нәтижесінде, өндірілген өнімдердің жоғары сапасы мен тиімді бағасы, алуан түрлі дизайндық үлгі топтамаларының арқасында фабрика ұжымы 2014 жылы республикалық «Алтын Сапа» конкурсында «Халық тұтынатын ең үздік тауар аталымы» бойынша екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал 2016 жылы Женевада өткен Халықаралық BID сапа конкурсында «GOLD» номинациясының иегері атанды.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ

2022-09-30: ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ 18 0

2022-09-30: ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАР БОТАНИКАНЫ ҰНАТАДЫ 20 0

2022-09-29: Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру-басты мақсат 13 0

2022-09-29: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 86 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ 20 0

2022-09-28: “Шеврон” және QazaqGaz Қазақстандағы энергияға ауысу және газ стратегиясын әзірлеуге ынтымақтастық туралы мәлімдеді 15 0

2022-09-28: «ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды 32 0

2022-09-27: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 26 МЕКТЕПКЕ, 3 КІТАПХАНАҒА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ 34 0

2022-09-26: ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚТАР "ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ" ШАБАНДОЗДАРЫН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ 42 0

2022-09-21: ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 35 0

2022-09-21: Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторингінің екінші кезеңі басталды 130 0

<=Қаз 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея