Әлеумет Асхат Аймағабетов педагогтерді аттестаттауды алып тастау ұсынысына пікір білдірді Редактор 19.04.2022 12165 1 оқу мин ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерді аттестаттауды алып тастау туралы ұсынысқа пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұлттықбіліктілік тестілеу кезінде мұғалімнің қайтыс болу оқиғасынан кейін мұғалімдер тапсыратын біліктілік тестерінің саны азая ма? БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке осындай сұрақ қойды. «Аттестация рәсімін алып тастау – ең көп түсетін ұсыныстардың бірі. Оны мен жасыра алмаймын. Мұның алдында 2018 жылдан бастап аттестация енгізілді. Мен осы тестілеуді алып тастаймыз десем, бәрі бөріктерін аспанға лақтырып, қуанатыны түсінікті. Бірақ бізге мұндай арзан пиар қажет емес. Ең қажеті – білім беру сапасы», -деді министр. Сондай-ақ ол салаға қатысты шешім қабылдағанда ең әуелі жекелеген топтарға емес, жалпы халыққа пайдалы жағын негізге алатынын түсіндірді. «Бізде ең басты мәселе – жақсы білім алу мәселесі. Сондықтан біз біреуге ұнау үшін, біреудің тілін табу үшін осындайшешімдер қабылдамаймыз. Біз елге қажетті шешім қабылдаймыз. Бұл өте маңызды мәселе. Осыған көңілдеріңізді аударамыз», — деді Асхат Аймағамбетов. Еске салсақ, Алматыда ұлттық біліктілік тестін тапсырып жатқан мұғалім көз жұмды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Көлігіне жалған нөмір таққан екі жүргізуші ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Көлігіне жалған нөмір таққан екі жүргізуші ұсталды 18.09.2025 1974 Шымкентте жастарға арналған жаңа комьюнити орталық ашылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте жастарға арналған жаңа комьюнити орталық ашылды 17.09.2025 3659 Түнгі клуб жабылды Әлеумет Түнгі клуб жабылды 17.09.2025 3472