Әлеумет Асхат Аймағабетов педагогтерді аттестаттауды алып тастау ұсынысына пікір білдірді Редактор 19.04.2022 18463 1 оқу мин ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерді аттестаттауды алып тастау туралы ұсынысқа пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұлттықбіліктілік тестілеу кезінде мұғалімнің қайтыс болу оқиғасынан кейін мұғалімдер тапсыратын біліктілік тестерінің саны азая ма? БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке осындай сұрақ қойды. «Аттестация рәсімін алып тастау – ең көп түсетін ұсыныстардың бірі. Оны мен жасыра алмаймын. Мұның алдында 2018 жылдан бастап аттестация енгізілді. Мен осы тестілеуді алып тастаймыз десем, бәрі бөріктерін аспанға лақтырып, қуанатыны түсінікті. Бірақ бізге мұндай арзан пиар қажет емес. Ең қажеті – білім беру сапасы», -деді министр. Сондай-ақ ол салаға қатысты шешім қабылдағанда ең әуелі жекелеген топтарға емес, жалпы халыққа пайдалы жағын негізге алатынын түсіндірді. «Бізде ең басты мәселе – жақсы білім алу мәселесі. Сондықтан біз біреуге ұнау үшін, біреудің тілін табу үшін осындайшешімдер қабылдамаймыз. Біз елге қажетті шешім қабылдаймыз. Бұл өте маңызды мәселе. Осыған көңілдеріңізді аударамыз», — деді Асхат Аймағамбетов. Еске салсақ, Алматыда ұлттық біліктілік тестін тапсырып жатқан мұғалім көз жұмды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911