Әлеумет Түн жамылған барымташылар қақпанға түсті Редактор 21.06.2022 13066 1 оқу мин Төрт түлікті бағып, қағып, ризық несібесін айырып отырған ауылдағы ағайын бүгінде қиындыққа тап келді. Өйткені жайылымды аңдыған ұрылар малға тыныштық берер емес. Күні кеше Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жайылымда жүрген 6 бас саулық қойын, 2 бас қозысын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 430 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алды. Полицейлер арызды тіркей салысымен оқиға орнына жылдам жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Әрине ұры алыстан келмейді. Тәртіп сақшылары жақын аумақты түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде Түркістан қаласының үш тұрғыны ұсталды. Сезікті үш жігіттің екеуі ағайынды, үшіншісі досы болып келеді. Олар ұрлыққа түнгі уақытта жасаған, яғни әбден барлау жасап, бақташының жоқтығын пайдаланып барған. Барымташылар ұрлаған малдарды сатып, ақшасын керек жарақтарына жаратып жіберген. Қазіргі таңда суыққолдылар қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы көбіне тұрғындардың салғырттығы мен қараусыз қалдыратындығы салдарынан болатындығын айтады. Сондықтан да төрт түлік жайылымда жүргенде ешуақытта да қараусыз қалдырмауды ескертеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 6540 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 6753 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 7981