Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фб

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НЕГІЗГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША ҚАРҚЫНДЫ ӨСІМ БАР

247 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-09-13

Түркістан облысының биылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері оң деңгейде қалыптасты. Өңірдегі жалпы сауда көлемі 219,7 млрд. Теңгені құрап, 108,8% -ға өсті. Түркістан облысы бөлшек сауда көлемі бойынша елімізде көш бастап тұр. Жыл басынан бергі бөлшек сауда көлемі 150,5 млрд. теңгеге жетіп, 112,4% -ға өсті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 533,9 млрд. теңгені, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 224,2 млрд. теңгені. құрады. Экономикалық өсудің негізгі драйвері ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 476,9 млрд. теңгені, немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,9%-ды құрады. Бұл ретте мал шаруашылығы +0,2%-ға, ал егін шаруашылығы +9%-ға артты. Облыста сиыр сүтін өндіру +0,9%-ға, тауық жұмыртқасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +10,5%-ға ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 168,6 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 109,3%-ды құрады. Осымен бірге, жалпы республика бойынша тұрғын үй құрылысының бәсеңдеуіне қарамастан, ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысымен Түркістан облысында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы +33,7%-ға артты немесе 486,1 мың шаршы метрге жетті. Сонымен қатар, облысқа 337,6 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +1,7%-ға артық. Сондай-ақ 2022 жылғы тамызда тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 113,8% құрады. Бұдан бөлек, ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда көлік және қоймалау саласы +10,6%-ға артып, 285,8 млрд. теңгеге жетті. Байланыс қызметінің көлемі 4,9 млрд. теңгені, немесе 108,7% құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облысымыз үздік үштікке енді.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея