Әлеумет ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ВОЛЕЙБОЛДАН БАҚ СЫНАДЫ Редактор 12.10.2022 13549 1 оқу мин 25 қазан — Республика күніне орай Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен облыс орталығында волейболдан жастар арасында турнир ұйымдастырылды. Аталған сайыс Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйытқы болуымен өтті. Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында өткен жарысқа Түркістан облысына қарасты аудан, қалалық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. «Бүгінде облысымызда жастарды спортқа баулу, оларға мүмкіндік беру жолында біршама жұмыстар атқарылуда. Өңірімізде өткен спорттық сайысқа волейболдан өздерінің шеберліктерін көрсету үшін әр ауданнан жастар құрамалары келіп қатысты. Бұл шара елімізде ауқымды түрде аталып өтетін Республика күніне орай ұйымдастырылды», — дейді Келес аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Ташкенбай. Айта кетейік, турнир қорытындысында Созақ ауданының жастары бас жүлдеге ие болды. Ал, Жетісай жастары 2-орынды иемденсе, 3-орынды Мақтаарал ауданынан келген жастар құрамасы жеңіп алды. Жүлделі орын алған жастарға қаржылай сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Halyk қайырымдылық қоры қасиетті кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізуде 1 оқу мин Әлеумет Halyk қайырымдылық қоры қасиетті кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізуде 08.04.2026 2436 ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 02.04.2026 4177 ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 10152