Әлеумет ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ВОЛЕЙБОЛДАН БАҚ СЫНАДЫ Редактор 12.10.2022 16366 1 оқу мин 25 қазан — Республика күніне орай Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен облыс орталығында волейболдан жастар арасында турнир ұйымдастырылды. Аталған сайыс Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйытқы болуымен өтті. Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында өткен жарысқа Түркістан облысына қарасты аудан, қалалық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. «Бүгінде облысымызда жастарды спортқа баулу, оларға мүмкіндік беру жолында біршама жұмыстар атқарылуда. Өңірімізде өткен спорттық сайысқа волейболдан өздерінің шеберліктерін көрсету үшін әр ауданнан жастар құрамалары келіп қатысты. Бұл шара елімізде ауқымды түрде аталып өтетін Республика күніне орай ұйымдастырылды», — дейді Келес аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Ташкенбай. Айта кетейік, турнир қорытындысында Созақ ауданының жастары бас жүлдеге ие болды. Ал, Жетісай жастары 2-орынды иемденсе, 3-орынды Мақтаарал ауданынан келген жастар құрамасы жеңіп алды. Жүлделі орын алған жастарға қаржылай сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018