Руханият Алматыда «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды Редактор 13.10.2022 11506 1 оқу мин 9 қазан күні Алматы қаласы “Қазақстан” қонақ үйінде «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті. Байқауға 40-қа жуық шығарма келіп түскен. Әділқазылар алқасының төрайымы Айнұр Сембаеваның айтуынша жеңімпаздарды анықтау қиындық тудырмаған. Байқау туралы пікірін білдірген “Заң” газетінің бас редакторы Айнұр Сембаева: “Әлеуметтік тақырыптарды жазатын журналистер кілең жастар болды. “Шеврон” компаниясының әлеуметтік бағдарламалары туралы жазғандар, нәсихаттағандар да болды. Қазылар алқасы бірін-бірі білген жоқ. Бірақ, бәрінің бірінші орынға, екінші орынға қойған жүлдегерлері бірдей болып отырды” дейді. Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік тақырыпқа жазатын БАҚ өкілдерінің кәсіби біліктілігін көтеру және жазарман қауымның шығармашылық қарымын күшейту, ынталандыру мақсатында өткен байқауға 7 жүлделі орын тағайындалды. Шығармаларды бағалау материалдардың объективтілігі, кәсіби шеберлігі, әлеуметтік жобалардың маңыздылығын жан-жақты ашып көрсетуі, жұмыстардың шығармашылық толымдығы сынды бірнеше өлшем негізінде жүргізілген. Жүлделі орын алғандар: 1. Әсел Жақсыбай 1-орын 2. Жадыра Мүслім 2-орын 3. Данияр Болысбекұлы 3-орын Ынталандыру сыйлығы: 1. Айдағараев Бағдәулет 2. Дастан Баширов 3. Айнагүл Шакупова 4. Дәурен Махимов Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Астанада Өнер музейі ашылды 1 оқу мин Руханият Астанада Өнер музейі ашылды 10.10.2025 86279 ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 10.10.2025 87083 ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 1 оқу мин Руханият ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 09.10.2025 90961