Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: ttjk

VI Халықаралық күзгі PR медиа мектебі іс-шарасы өтті

122 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-11-07

27 қазан офлайн форматта Жаһандық медиа және ақпараттық сауаттылық апталығы аясында VI Халықаралық күзгі PR медиа мектебі іс-шарасы өтті. Шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕКСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы ұйымдастырды. Ал жоба 28 қазан – 5 қараша аралығында zoom платформасында онлайн түрде өтеді. Күзгі PR мектебіне БАҚ өкілдері, PR мамандары, ЖОО оқытушылары мен Ауғаныстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Имен елдерінен студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты. Білікті мамандардың дәрістері жоғарғы деңгейде өтті. Шараны Журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантаев ашты. Күзгі мектеп қонақтары, ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов, Миддл Теннеси мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры Зени Сарабиа-Панол, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің кафедра меңгерушісі Мукашева Мәншүк аталмыш шараның маңыздылығын атап, ақпараттық және медиасауат саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әсіресе жастарға қажет екендігіне тоқталды. Күзгі мектепке әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, AlmaU (Алматы менеджмент) университетінің профессор-оқытушылары мен студенттері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері, ҚазҰУ бейіндік мектебінің оқушылары т.б. қатысты. Алғашқы дәрісті «PR-шы» клубының вице-президенті, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-ның PR менеджері Айбар Олжай бастады. Қызықты, танымдық ақпарат пен кәсіби біліктілік аудиторияны баурап алды. Интерньюс-Қазақстан өкілі, педагог, медиасыншы Бэлла Орынбетова подкаст жанрын жан-жақты талдап, аудиторияға практикалық мол мәліметтер берді. Продюсер, тележүргізуші Анна Данченко өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарға қызмет барысында кездескен көптеген қызық жайттарды әңгімелей отырып, телевидениенің қыр-сырына қанықтырды. «Сектор X» радиосының директоры Сәуле Алпысова радиожурналиске тән шеберліктің әдіс-тәсілдерін әңгімелесе, веб редактор Алма Кенжебекованың дәрісі де ерекшелігімен аудиторияны баурап алды. «Medianet» Халықаралық журналистика Орталығының өкілі, журналист-фактчекер, медиа-тренер Жансерiк Тілеухан ақпарат қауіпсіздігіне тоқталып, жалған ақпаратты анықтап, тексеру, нақты дереккөздерін білу, фактілермен жұмыс істеу әдіс-тәсілдері туралы тәжірибесімен бөлісті. Білікті мамандардың ұтымды кейстері аудиторияға қызықты болды. Мұндай іс-шараларды өткізу журналистиканың жаңа мүмкіндіктеріне, басым бағыттарына ықпалын тигізері мол. КазҰУ-да дәрістермен жүрген шетелдік оқытушы профессор іс шараның ауқымдылығына тәнті болды. VI Халықаралық күзгі PR медиа мектебі өткен шара шәкірттердің жадында ұзақ сақталатыны сөзсіз. ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының оқытушылары Кутпанбаева Ж.Б, Жетпісбаева М.С.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарынан естелік-әңгімелер мен мәліметтерді, құжаттар мен фотоларды жинақтауда

2023-03-28: Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарынан естелік-әңгімелер мен мәліметтерді, құжаттар мен фотоларды жинақтауда 16 0

2023-03-28: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 4 ЖАҢА АБТОБУС БЕРІЛДІ 12 0

2023-03-28: САЙРАМ АУДАНЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 178 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ 16 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР 16 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JAS TALANT» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ 15 0

2023-03-28: ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 50 ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ 100 ІРІ ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНБАҚ 14 0

2023-03-28: 29 НАУРЫЗДА ЖАҢА САЙЛАНҒАН ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТЕДІ 14 0

2023-03-28: ТҮРІК КОМПАНИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА МЫРЫШ ЗАУЫТЫН АШУҒА НИЕТТІ 11 0

2023-03-28: ОҢТҮСТІККОРЕЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700 МЛРД ТЕҢГЕГЕ СЭС САЛМАҚ 13 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ 16 0

<=Нау 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

29

30

31

Галерея