Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фб

Өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі 3 ірі, 17 орта және шағын кәсіпорындар есебінде

29 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-11-27

Өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі 3 ірі, 17 орта және шағын кәсіпорындар есебінде Түркістан облысына қарасты Кентау қаласы бүгінде көркейіп, өркендеп келеді. Өндіріс ошақтары көбейген. Кәсіпкерлік саласы да қарқында дамып келеді. Қай салада болмасын ауыз толытырп айтарлықтай өсу бар. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 8,2 миллиард теңгені құрады. Жоспар 8,1 млрд теңге болса, артығымен яғни, 100,2 пайызға орындалып отыр. Инвестиция тартуда да алға ілгерілеушілік бар. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 22,3 млрд.теңгені құрап, жоспар (17,5 млрд. теңге) 127,4% орындалды. Құрылыс жұмыстарының көлемі де артып отыр. 2022 жылдың 9 айының қорытындысымен 4,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (жоспар 6,2 млрд) 73,0% болды. Тұрғын үй құрылысы бойынша, пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 21,8 мың шаршы метрді құрап, жоспар (13,9 мың шаршы метр) 157,6% орындалды. Бөлшек сауда, шағын және орта бизнес бойынша өсу бар. 2022 жылдың 9 айының қорытындысымен өткізілген тауар көлемі 6,3 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 100,8% өсті. 2022 жылдың 9 айдың қорытындысымен тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5061 бірлікті, оның ішінде белсенді субъектілерінің саны 4962 бірлікті (98,0%) құрады. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық саласы Кентау қаласы бойынша 2020-2025 жылдары өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында іске асырылатын жалпы құны – 6,33 млрд. теңгеге 2 жоба, онда 317 жұмыс орны ашылу жоспарланған. Кентау қаласы бойынша жалпы халық саны 103 747 адамды құрайды (оның ішінде, қала халқы – 72120 адам, ауыл - 31627 адам), қаланың жер аумағы 52,7 мың га, ал құрамына 4 ауыл кіреді. Жалпы халықтың 39,8 мыңы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 37,7 мың адам, жұмыссыздар 2168 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,2%. Жалпы өнім көлемі 30, 1 миллиард теңгені құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,9% құрады. Кірістер де ауқымды. Кентау қаласының 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қалалық бюджет кіріс бөлігі 23,2 млрд теңге болып, 100,3% орындалды. Жеке табыстың (кірістердің) жоспары 106,6% орындалып, жоспарлы 1,2 млрд теңгенің орнына 1,3 млрд теңге түскен. Өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі 3 ірі, 17 орта және шағын кәсіпорындар есебінде. Өнеркәсіп саласында өнім көлемі 30,2 млрд. теңгені құрап, жоспар (27,1 млрд. теңге) 111,4 % орындалған.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қар 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

8

9

11

12

13

14

15

29

30

Галерея