Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фб

Кәсіпкерлік саласындағы негізгі индикаторлық көрсеткіш

39 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-11-27

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков аудандағы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы бойынша негізгі индикаторлық көрсеткіштердің жыл басынан бергі қорытындысымен орындалу барысын қарады. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев, әкімнің кеңесшісі Рысқұл Есполай, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушысы Гульжан Комекова және сектор меңгерушісі А.Әсетов қатысты. Ағымдағы жылдың ауыл шаруашылығы өнім көлемінің нақты көлем индексін аудандық статистика басқармасымен жүргізілетін статистикалық есептерге толық енгізу қажет болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде біршама атқарылған. Биыл жаз маусымында ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлеріне тапсырылатын статистикалық есептер бойынша түсіндірілген. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан ауданда ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемінің нақты көрсеткіштерін талдау барысында мал шаруашылығында бірнеше тапсырма 10 айдың қорытындысымен орындалмай отырғаны назарға алынды. 2022 жылдың қаңтар-қазандағы ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы бойынша 108364,4 миллион теңгені яғни, 104,3 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығында 108027,7 (104,3 пайызды), оның ішінде өсімдік шаруашылығы 53581,7 миллион теңге (105,8 пайыз), мал шаруашылығы өнімдері 54410,3 миллион теңге (102,9пайыз). Облыста ауданның көлемдегі үлес салмағы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4 пайыз. Аталған көрсеткіштердің орындалмауының нақты себептері талқыланып, сонымен қатар бөлімнің алдағы жұмыс жоспары талқыланды. Ұласбеу Сәдібеков, Сайрам ауданының әкімі: «Сыбаға.кз бағдарламасы базасында тұқымдық түрлендіруге қатысуға қажетті 56809 мың бас аналық ірі қара малдың 1500 басын тұқымдық түрлендіру болса, орындалғаны 373 бас (24 пайыз). Яғни, тұқымдық түрлендіруге қосымша 895 бас тұқымдық бұқаны алу жұмыстары жүргізілмей, Сыбаға.кз базасында мерзімі өткен 4 бас бұқа бордақылау алаңына өткізілмеуде. Аталған базамен жұмыс жүргізілмеуіне байланысты тұқымдық түрлендіруге аналық ірі қара малдарды қатыстыру, бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу тапсырмалары орындалмады. Бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу тапсырмасы 6450 бас болса, орындалғаны 432 бас (6,7 пайыз). Жыл сайын жергілікті ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбектері еленіп, аудан алдыңғы қатардағы орыннан көрінген болатын. Алдағы уақытта облыс деңгейінде «Алтын күз» мерекесінде күзгі жиын-терімді қорытындылау өтеді. Сондықтан, бөлім жұмысын ширату қажет». Әкім тапсырмасы тап тұйнақтай орындалатыны анық. Бұл салада да көрсеткіш жоғарылайтыны анық.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қар 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

8

9

11

12

13

14

15

29

30

Галерея