Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: ф

Қырғауыл өсіріп, қырғын пайда табуға болады

214 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-11-28

Қырғауылдар табиғаттағы ең құнды және әдемі құстардың бірі болып табылатыны белгілі. Жабайы қырғауылдар бүкіл Еуразияда өмір сүреді және әлемнің басқа аймақтарындағы климатқа бейімделген. Қырғауылдың еті өте пайдалы және керемет дәмді. Сондықтан да оның еті өте көп сұранысқа ие. Әсіресе мейрамханалар деликатес ретінде ұсынады. Қырғауыл құстың түрі көп. Оның кейбірі нәзік әрі қоршаған ортаға төзімсіз келетіндері баршылық. Дене тұрқы тауыққа ұқсас болғанымен айырмашылығы құйрық жүндерінің әлдеқайда ұзын келетіндігі. Құстардың ішінде ең әдемілерінің бірі де осы қырғауыл. Әсіресе жүндерінің сан алуан түске боялған әсемдігімен көз тартады. Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы Көлтоған ауылының тұрғыны Гүлдана Жарылқадиева құстың ерекше әрі сұлу түрі - қырғауылды қолда өсіріп жатыр. Әсем құсты қолда өсіру де оңай емес. Әу баста жолдасы екеуі қалай болар екен деп көп ойланыпты. Гүлдананың құстарға деген сүйіспеншілігі кәсіп ашуына себепкер болған. Әуелі өзі асырып баққалы отырған құстың түрі туралы ғаламторды шарлап ібден оқып, зерттеп, зерделеген. Сосын барып қана тәуекел етіп ісін бастапты. Ерекше кәсіпті бастағалы отырған іскер келіншек жобасының қолдау табатынына сенімді болыпты. Өйткені осы аймақта дәл осы кәсіп түрімен айналысып жатқан ешкім жоқ. Сондықтан да нартәуекелмен іске кіріскен. «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқып, ерекше жобасын қорғап шыққан. Биыл көктемде мемлекеттен қайтарымсыз несие алып, көптеген көкейінде жүрген кәсібін бастап кетіпті. Құстың балапындарын бастыру да оңай шаруа емес. Жемдеу, суын беру, ашып шыққаннан кейінгі күтімі де қиын шаруа. Балапандар арнайы инкубаторда жұмыртқа жарып шығады. Олардың біразын іскер келіншек алдын сатып та үлгеріпті. Жарнама арқылы арнайы іздеп келіп алып кететіндер баршылық екен. Кәсіп бастау үшін де аз қаржы кетпейді. Мемлекеттен алған қаржысына аса қажетті инкубатор мен 3 брудер, екі аккумулятор және бір генератор құрылғыларын сатып алған. Жарып шыққан балапандарға жарық аса қажет. Кейде жарық сөніп қалса бүкіл еңбегі далаға кетуі мүмкін. Сондықтан да жарық жоқ кезде генератор көмегімен тоқ береді. Құстар өте нәзік келетіні белгілі. Сондықтан да инкубаторға жұмыртқа салған соң белгілі бір температурада үздіксіз жұмыс істеуі керек. Кәсіпкер келіншек құрылғының ылғалдығы мен уақытын үнемі бақылауда ұстайді. Кәсібінің нәсібіне жарап тұрған құстарына ерекше баппен қарайды. Бұл кәсіпті бастау үшін ұзақ ізденгенін айтады. Барынша күтімді қажет ететін құс болғандықтан қанаты қатайғанша күтіп баптау оңайға соқпайды. Бір инкубаторға 300-ге дейін жұмыртқа салуға болады екен. Сарыауыз балапандар 20 күнде жұмыртқа жарып шығады. Сосын оларды арнайы будерге қояды. Бір ай бақылаудан кейін далаға ашық аспан астындағы қораға шығарады. Бұл кезде де өсті екен деп қараусыз қалдыруға болмайды. Құстарды бір жерде ұстау өте қиын көрінеді. Бір-бірін таптап, шұқып тастауы бек мүмкін. Сондықтан оларға арналған арнайы көзілдірік сатылады. Құсқа көзілдірік кигізгенді көргеніңіз бар ма? Құстардың қауіпсіздігі үшін әрбіріне осы көзілдіріктен тағып қоюға мәжбүр. Ол көзілдірікті табу да оңай емес. Кейде арнайы тапсырыспен алдырады. Қырғауыл өте өсімтал құс көрінеді. Ерте көктемнен күзге дейін жұмыртқалағаны кеткен шығынды екі еселеп өтеп береді. Бүгінде жемнің бағасы да арзан емес. Бастапқыда отыз шақты ғана болған қазір 300-ден асып кеткен. Балапан басып шығарған оңай сияқты көрінгенімен олардың қанаты қатайғанға дейінгі кезеңі өте қиын. Әр сәт сайын бақылауда ұстауды қажет етеді. Қиындығы да аз емес, табысы да молырақ осынау кәсіпті бастау үшін жолдасы екеуі әу баста ұзақ ойланыпты. Үміттен көрі күдік басым болғанын жасырмайды. Дегенмен отбасы болып ақыры бір шешімге тоқталады. Бүгінде жұмыстан қолы босамайтын отағасы қолы қалт еткенде құстарға қарап, қолғабыс етеді. Өнімді арттырып, пайданы еселеу үшін көп оқиды, көп ізденеді. Бір іспен ғана тоқтап қалуды қолай көрмейтін кәсіпкер қырғауылды күтіп-баптауды үйрету үшін арнайы ютуб каналдарын ашыпты. Қаралымы да, жазылушылары да аз емес. Бір қызығы қырғауыл бизнесіне қызығатындардың қатары қалың екен. Қазір сұраныс өте көп тіпті солтүстік өңірлерден келіп алып кетіп жатқан көрінеді. Гүлдананың негізгі мамандығы бағдарламашы. Жоғары оқу орнын бітіргенімен қолайлы жұмыс табылмағанға ұқсайды. Дегенмен оның да қайыры болғанға ұқсайды. Себебі бүгінде Гүлдана өзіне де, өзгеге де пайдасы мол кәісптің көзін тапты. Бүгінде осы салаға қатысты маркетингті, менеджментті меңгеру үстінде. Кәсібін бастамас бұрын да осы саладағы білімін әбден жетілдірген. Ғаламторды сүзіп шығып, қырғауыл асыраудың қыр сырын жетік біліп алған. Сосынғысын да грант бөлетін арнайы комиссия отырысында, өзіне қойылған бар сұраққа түгел жауап беріп, ерекше жобасын сәтті қорғап шыққан. Бүгінде өңірде ерекше кәсіп түрін бастап, грант алғандардың қатары артып келеді. Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы былтыр 250 жоба мақұлданып оның 21 грант алған. Биыл 173 жоба іріктеліп соның қазір 33 тиісті қаржысын алып үлгеріпті. Бизнес бастағысы келген әрбір жан алдымен тегін білім алып, сосын бизнес жоспар жасаудан бастап оны дамыту жолдарын толық үйреніп шығуына мүмкіндік мол. Оған қоса әрбір жоба ерекшелігіне қарай арнайы електен өтеді. Жалпы бүгінде жеке кәсіп ашып пайда тапқысы келетін азаматтар қатары көп. Соған орай мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау да көп. Тағы бір қуантарлық жәйт биылдан бастап берілетін қайтарымсыз несиенің көлемі де артқан. Өз кезегінде бұл көптеген тұрғындардың қызығушылығын арттыруда. Соның арқасында ауданда шағын және орта бизнес ашқандар қатары артып келеді. Ауылда жұмыссыз жүрген жандар өз бетінше ізденіп, оқып, үйреніп кәсіп бастауда.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаң 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

2

7

8

10

11

12

13

15

16

18

22

24

27

28

29

30

31

Галерея