Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: сак

Техникалық қызмет көрсету орталығын ашты

97 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-11-28

Бүгінгі таңда темір тұлпарға теңелген автокөліктің түрі де, маркасы да көп. Бірінен бірі өтеді. Қымбаты да, арзаны да бар. Соңғы әлетте көлік байлықтың белгісі емес, А нүктесінен Б нүктесіне жеткізіп салушы құрал ғана деп есептейтіндер де көп. Көлік тізгіндеу бар да, оны жөндеу бар. Негізінде көлік көп кезде оған техникалық қызмет көрсету де өлмейтін бизнес болып саналады. Яғни, сұранысқа сай автобизнес түрлерімен айналысу табыстылық пен тиімділіктің бір жолы болары анық. Бүгінде Түркістан облысында 47 086 автокөлік тіркелген. Демек әр үйде 3-4 көліктен бар деген сөз. Ол дегеніңіз техника болған соң бұзылмай тұрмайды, демек жөндету орындарына да сұраныс көп деген сөз. Көлікпен байланысты бизнесте жөндеу, техникалық қызмет көрсету, көлікті бояу-сырлау жұмыстарына бүгінде сұраныс көп. Көлік иелері көп жағдайда көлікті жүргізгені болмаса, жөндеу жағынан мақұрым деуге болады. Сондықтан бұзылған жағдайда кәсіби шеберлерге күні түсері анық. Көлік саны да, пайдаланушылар қатары да артып отырған уақытта көлік жөндеумен айналысу тұралап қалмайтын, сапалы қызмет көрсетілсе, әрдайым клиент үзілмейтін кәсіп түрі болып қала бермек. Сан түрлі көліктің модельдерін жөндейтін шеберлер бүгінде қолдан-қолға тимейді. Тіпті айлап, апталап кезекке жазып қабылдайтын шеберлер де бар. Көлікке қатысты қандай кәсіп түрі болса да сұранысы зор. Темір тұлпар тізгіндегендерге қызмет көрсетіп, кәсібін ілгерілетіп отырғандардың бірі Әбдусамат Қалжанов. Жастайынан техникаға, темір-терсекке жақын өскен ол кейінірек осы кәсіпті нәсіп етуді жөн санапты. Көлік жөндеуге қажетті құрал саймандар аз ақша тұрмайды. Ал оны сатып алу үшін қаражат қажет. Қолынан іс келетін епсекті азамат, бүгінде мемлекет бағдарламасы аясында оқып, білім алып, грант қаражатына ие болып, өз ісін ашқан. Көлік дөңгелектерін жөндеу, теңестіру сияқты бірқатар қызметтер көрсетіп, нәпақасын тауып жүр. Грант қаражатының бір тиынын да шашау шығармай кәсібін жүргізуге арналған түрлі құрылғы, саймандарын сатып алған. Қажетті құрал сайман әрине шебердің қолына түскен соң мол табыс әкелері сөзсіз. Соның арқасында қазір шеберге тапсырыстар да көбейген. Себебі, ауылда мұндай көліктерге қызмет көрсететін арнайы техникалық орталықтар тым аз. Сондықтан да көп клиент күні бұрын хабарласып, жазылып келеді. Осылайша мемлекет қолдауының арқасында қолынан іс келетін кәсіпкер кәсібін өрге домалатып отыр. Әрі тұрақты клиенттер қатары да артуда. Көлігін жөндеп бергені үшін келушілер де дән риза. Ауылдардағы әсіресе, шалғай елдімекендердегі жұмыссыздық проблемасын шешуде шағын кәсіпкерлікке бағытталып отырған грант қаражаты көп септігін тигізуде. Қолдау қаражаты туралы естіген қолынан іс келетін, көптен бері өз ісін ашуды ойлап жүрген ауыл тұрғындары үш айлық курстарды оқып, түрлі мамандықтарға машықтануда. Ер азаматтар ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығына ден қойса, жұмыссыз үй шаруасында отырған әйелдер тігіншілікке, кондитерлікке оқып, бағын сынауда. Нәтижесінде әрқайсысы өз бағытында түрлі кәсіптерін ашып, ауылдың тұрмысын түзеуге атсалысып отырған жайы бар. Күндіз түні еңбектенген жанның нәпақасыз қалмайтынын анық білетін шебердің алға қойған мақсаттары көп. Ең алдымен бизнес түрлерін көбейтіп, ауылға ең қажетті деген кәсіп түрлерін түлетіп, жұмыссыздық мәселесін шешуге атсалысуға құмбыл болып отыр. Себебі, ауылдың тұрмысын түзеп, түтінін түзу ұшыратын – отбасылық шағын кәсіпкерлік деп санайды. Ол үшін мемлекеттік қолдау барын көп тұрғынның білмейтіні қынжылтады. Білгендерінің өзі кежегесі кейін тартып, бұл салаға аттап басқысы жоқ. Дегенмен ынталы жастар қатары баршылық. Ізденімпаз, құлшынысы басым жастар ауылда отырып ақ кәсібін бастап, табыс тауып жүр. Солардың қатары көп болса деп тілейді. Алтын қолды шебер тек осы кәсіппен ғана шектеліп қалғысы жоқ. Алдағы уақытта өз меншігіндегі жер телімін пайдаға асырып, егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Ол үшін жоспар да құрып қойған. Түрлі көкөніс, жеміс-жидектермен, етпен, сүт өнімдерімен ауыл тұрғындарын қамтамасыз етуді ойлап жүр. Айтуынша, жылдан-жылға халық саны артып отырған ауылда аталған өнімдерге сұраныс мол. Бұл салаға да мемлекеттен түрлі қолдаулар жеткілікті. Осыны ескерген ауыл тұрғыны техникалық орталықтағы шаруаларын бір жақты қылып алған соң мемлекеттің көмегіне тағы да жүгінуді ойлап жүр. Яғни, мемлекеттік бағдарламамен берілетін жеңілдетілген несие алып, ойында жүрген арман мақсаттарын жүзеге асыруға кіріспек.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаң 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

2

7

8

10

11

12

13

15

16

18

22

24

27

28

29

30

31

Галерея