Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: сақ.кз

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЕТ ЭКСПОРТТАУДАН РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР

50 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-01-19

Республикамыздағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің 12%-ы Түркістан облысына тиесілі. Еліміз бойынша тіркелген шаруа қожалықтардың 31%-ы күнгей аймақта. Облыстағы 74,2 мың шаруа қожалықта 184,6 мың адам жұмыс істейді. Түркістан облысы ет экспорты бойынша республикада 1-орында. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%-ы, ал қой етінің 40%-ы - Түркістан облысының үлесінде. Өңірде жалпы 9 185 мал бордақылау алаңы бар. Жыл қорытындысымен 15,7 мың тонна ірі қара мал еті, 8 мың тонна қой еті экспортталған. 2022 жылы облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 1036,6 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығы - 396,9 млрд. теңге (99,7 %), өсімдік шаруашылығы - 632,8 млрд. теңге (101,4 %). Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 74,7 млрд. теңге инвестиция тартылған. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 123 ауыл округте 8,4 мың гектарды құрайтын 2911 жоба жүзеге асырылып, 294 мың тонна өнім өндірілді. Облыста қарқынды баулардың егіс алқабы 4,7 мың гектарды құрайды. Былтыр жылыжайлар 101 гектар алқапқа салынып, жалпы көлемі 1 569 гектарға жетті. Республикадағы жылжайлардың 71%-ы - Түркістан облысында. Облыста мал шаруашылығының дамуы да елімізде жетекші орында. Республика бойынша ірі қара мал санының 12,3%, ұсақ малдың 22,5%, жылқының 10,2%, түйенің 14,5% және өндірілген еттің 11,4%, сүттің 12,1% өңірдің үлесінде.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаң 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

2

7

8

10

11

12

13

15

16

18

22

24

27

28

29

30

31

Галерея