Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фото С

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ПЕН ЖАТАҚХАНА САЛҒАНҒА ЖЕҢІЛДІК БАР

78 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-03-17

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ бас маманы Арманай Мирасқызы мәлімдеді. Оның айтуынша, «Қаржы орталығы» АҚ мемлекеттік тапсырыспен республика бойынша 500-ге жуық жеке мектепті қаржыландыруға қолдау көрсеткен. Түркістан облысы бойынша 100 жекеменшік мектеп болса, оның ішінде Түркістан қаласы бойынша 34 жекеменшік мектепті қаржыландырған. «Оңтүстік өңірде мектеп тапшылығы бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселе. Үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу үшін арнайы бағдарлама қабылданып, бірқатар кәсіпкерлер іске кірісіп кетті. Білім саласының дамуына үлес қосып, жайлы мектеп қалыптастыруға атсалысатын кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылған. Осы орайда, ақшалай төлемдер түріндегі мемлекеттің жоғары қажеттілігі мен қолдауын ескере отырып, кәсіпкерлерге жеке мектеп салу тиімділігі зор. Кәсіпкерлер қаржы орталығы арқылы жекеменшік мектеп салып, сол мектепте оқушылардың оқығаны үшін мемлекеттен жылына 92 млн. теңге ала алады. Сондай-ақ, студенттік жатақхана үшін де мемлекеттен жылына 67 млн. теңге алуға болады. Шарттары бойынша мектеп құрылысы үшін - 1 оқушыға 8 жыл ішінде жылына 96 АЕК, ал мектепті реконструкциялау үшін - 1 оқушыға 8 жыл ішінде жылына 47 АЕК болады. Алайда жатақханаларды кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен салады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер құрылыс аяқталғаннан кейін және студенттердің нақты тұруы үшін ғана жүргізіледі», - деді ол. Бұл ретте, мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер аяқталғаннан кейін нысан кәсіпкердің меншігінде қалады. Құрылыс реконструкциясы үшін төлемдер 8 жыл ішінде 9 ай бойы, ал жан басына шаққандағы нормативтер мектеп өз жұмысын тоқтатқанға дейін төленеді. Сондай-ақ, кәсіпкер мемлекеттен төленетін төлемдерден басқа, оқу ақысын белгілеуге құқылы, ол оның кірісі есебінен жүзеге асырылады. Бірақ қазақстандық оқыту нысаны кезінде жылына 1200 АЕК-тен аспайды, халықаралық оқыту нысаны кезінде жылына 2400 АЕК-тен аспайды. Айта кетсек, бағдарламаға қатысу үшін жерге құқық белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарымен, заңды тұлғаның болуы туралы құжаттармен алдын ала келісімшарт жасауға өтінім беру жеткілікті. Бағдарлама туралы толық ақпаратты fincenter.kz сайтынан білуге болады.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарынан естелік-әңгімелер мен мәліметтерді, құжаттар мен фотоларды жинақтауда

2023-03-28: Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарынан естелік-әңгімелер мен мәліметтерді, құжаттар мен фотоларды жинақтауда 16 0

2023-03-28: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 4 ЖАҢА АБТОБУС БЕРІЛДІ 12 0

2023-03-28: САЙРАМ АУДАНЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 178 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ 16 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР 16 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JAS TALANT» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ 15 0

2023-03-28: ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 50 ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ 100 ІРІ ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНБАҚ 14 0

2023-03-28: 29 НАУРЫЗДА ЖАҢА САЙЛАНҒАН ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТЕДІ 14 0

2023-03-28: ТҮРІК КОМПАНИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА МЫРЫШ ЗАУЫТЫН АШУҒА НИЕТТІ 11 0

2023-03-28: ОҢТҮСТІККОРЕЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700 МЛРД ТЕҢГЕГЕ СЭС САЛМАҚ 13 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ 16 0

<=Нау 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

29

30

31

Галерея