Әлеумет ТҮРКІСТАН: АРЫС ВОКЗАЛЫНА АЯЛДАҒАН ШЕТЕЛДІК ЖОЛАУШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ҰСЫНЫЛДЫ Редактор 18.03.2023 12582 1 оқу мин Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамында теміржол вокзалында аялдаған жерлестеріміз бен шетелдік жолаушыларға наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды. Наурыз көже – Ұлыстың ұлы күнінің символы. Жеті түрлі дәмнен жасалатын тағамды ырымшыл халқымыз «Құт-береке келсін!» деген ниетпен әзірлейді. Ұлттық тағам бұл күні Арыс-1 теміржол вокзалына жолы түскен барлық жолаушыларға ұсынылды. Ұлттық киімде жүріп қызмет жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлаған арыстықтықтарға Ташкент-Самара бағытындағы пойыз жолаушылары ризашылығын білдірді. Өзбек, тәжік, орыс және басқа да мемлекеттердің азаматтары жерлестеріміздің қонақжайлылығына таңданып, мәдениет үйінің өнерпаздары сомдауындағы ән мен орындаған билерін тамсана тамашалады. Ыстық лебіздерін білдіріп, ұлттық тағамнан дәм татты. «Наурыз мерекесі құтты болсын! Елдеріңізде бейбітшілік болсын! Жолаушылардың атынан қонақжай Арыс халқына мың рақмет!» – деді жолаушылар. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған игі шаралар жалғасын табады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Есептегілер електен өткізілуде 1 оқу мин Әлеумет Есептегілер електен өткізілуде 16.09.2025 2865 Алкоголь өнімін өткізу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды 1 оқу мин Әлеумет Алкоголь өнімін өткізу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды 15.09.2025 3735 Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 1 оқу мин Әлеумет Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 14.09.2025 6011