Әлеумет ТҮРКІСТАН: АРЫС ВОКЗАЛЫНА АЯЛДАҒАН ШЕТЕЛДІК ЖОЛАУШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ҰСЫНЫЛДЫ Редактор 18.03.2023 18471 1 оқу мин Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамында теміржол вокзалында аялдаған жерлестеріміз бен шетелдік жолаушыларға наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды. Наурыз көже – Ұлыстың ұлы күнінің символы. Жеті түрлі дәмнен жасалатын тағамды ырымшыл халқымыз «Құт-береке келсін!» деген ниетпен әзірлейді. Ұлттық тағам бұл күні Арыс-1 теміржол вокзалына жолы түскен барлық жолаушыларға ұсынылды. Ұлттық киімде жүріп қызмет жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлаған арыстықтықтарға Ташкент-Самара бағытындағы пойыз жолаушылары ризашылығын білдірді. Өзбек, тәжік, орыс және басқа да мемлекеттердің азаматтары жерлестеріміздің қонақжайлылығына таңданып, мәдениет үйінің өнерпаздары сомдауындағы ән мен орындаған билерін тамсана тамашалады. Ыстық лебіздерін білдіріп, ұлттық тағамнан дәм татты. «Наурыз мерекесі құтты болсын! Елдеріңізде бейбітшілік болсын! Жолаушылардың атынан қонақжай Арыс халқына мың рақмет!» – деді жолаушылар. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған игі шаралар жалғасын табады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6200 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592