Әлеумет ТҮРКІСТАНДА ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР Редактор 26.03.2023 12365 1 оқу мин Түркістан қаласында 2023 жылдың 23 наурызынан бері велоспорттан ересектер және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтіп жатыр. Оған еліміздің 13 облысынан 170-тен астам велошабандоз қатысуда. Жарыстың бірінші күні командалық, жұптық жарыс өтті. Велошабондоздар 40 шақырымға жарысты. Ал 24 наурызда ересектер және жасөспірімдер 25 шақырымға жүйіткісе, жарыстың үшінші күні топтық сындар өтті. Ұлдар 4 айналым жасап, 120 шақырымды бағындырса, қыздар 80 шақырымда сынға түсті. Ертең, 26 наурызда Түркістандағы «Түркістан-арена» стадионы маңында бұқаралық велошеру өтеді. Сонымен бірге 40 шақырымға критериум сайысы ұйымдастырылады. Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау және салтанатты жабылу рәсімі сағат 15:00-15:30 аралығында өтеді деп жоспарланған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 1 оқу мин Әлеумет Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 03.07.2026 3997 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 1 оқу мин Әлеумет 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 01.07.2026 5788 Первый в Центральной Азии ИИ-университет начнет работу в новом учебном году 1 оқу мин Әлеумет Первый в Центральной Азии ИИ-университет начнет работу в новом учебном году 30.06.2026 2920