Әлеумет ТҮРКІСТАНДА ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР Редактор 26.03.2023 13599 1 оқу мин Түркістан қаласында 2023 жылдың 23 наурызынан бері велоспорттан ересектер және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтіп жатыр. Оған еліміздің 13 облысынан 170-тен астам велошабандоз қатысуда. Жарыстың бірінші күні командалық, жұптық жарыс өтті. Велошабондоздар 40 шақырымға жарысты. Ал 24 наурызда ересектер және жасөспірімдер 25 шақырымға жүйіткісе, жарыстың үшінші күні топтық сындар өтті. Ұлдар 4 айналым жасап, 120 шақырымды бағындырса, қыздар 80 шақырымда сынға түсті. Ертең, 26 наурызда Түркістандағы «Түркістан-арена» стадионы маңында бұқаралық велошеру өтеді. Сонымен бірге 40 шақырымға критериум сайысы ұйымдастырылады. Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау және салтанатты жабылу рәсімі сағат 15:00-15:30 аралығында өтеді деп жоспарланған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018