Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фото С

ОҢТҮСТІККОРЕЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700 МЛРД ТЕҢГЕГЕ СЭС САЛМАҚ

81 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-03-28

Оңтүстіккореялық Doosan Group қуаты 1000 МВт бу-газ қондырғысы негізінде электр станциясын салу кезінде мердігер ретінде таңдалды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстанда энергетиканың барлық түрлерін: газ, көмір, атом және жаңартылатын энергетиканы дамытпақ. Компания жақын арада елеулі өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл орайда, Екібастұздағы МАЭС-2-де қуаттылығы 636 МВт болатын екі жаңа көмір энергоблоктары іске қосылады. Сонымен қатар, жалпы қуаты 1100 МВт болатын екі энергоблокқа жаңа МАЭС-3 салынады. Түркістан облысында қуаты 858 МВт екінші газ электр станциясын құрады. Алматы облысының Үлкен кентінде атом электр станциясы салынады. Қазір құрылыс мердігері мен технология жеткізушісі таңдалып жатыр. Әрқайсысының қуаты 1 ГВт болатын екі ірі жел паркін тұрғызу жоспарланып отыр. Біреуін франциялық Total Open, екіншісін Сауд Арабиясының ACWA Power салады.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Мау 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

4

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея