Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фото С

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 4 ЖАҢА АБТОБУС БЕРІЛДІ

93 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-03-28

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының мектептеріне 4 жаңа автобус беріліп отыр. Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов оқушыларды тасуға арналған көліктердің кілттерін мектеп директорларына тапсырып, көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады. "Балаларымыз шалғай елдімекендерде тұруына қарамастан, мектепке өз уақытында барып, сапалы біліммен қамтылуы керек. Осы мақсатта облыс әкімінің бастамасымен "Балаларды тасымалдауға арналған автобустарды сатып алу" инвестициялық жобасы аясында ауданымызға 4 автобус беріліп отыр. Аталған көліктер тасымалданатын оқушыларымыздың игілігіне жарай берсін!" - деді, Бақыт Насырханұлы. Автобустардың кілті Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан М.Тоқжігітов жалпы орта мектебінің, Атакент кентінде орналасқан А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің, Бірлік ауылдық округінде орналасқан Береке жалпы орта мектебінің және Достық ауылдық округінде орналасқан М.Ғабдуллин жалпы орта мектебінің директорларына табысталды. Жалпы М.Тоқжігітов жалпы орта мектебіне 132 оқушы, А.Байтұрсынов жалпы орта мектебіне 81 оқушы, Береке жалпы орта мектебіне 82 оқушы және М.Ғабдуллин жалпы орта мектебіне 60 оқушы көрші елдімекендерден тасымалданады. Мемлекет тарапынан берілген 4 жаңа автобус арқылы жалпы саны 355 оқушы білім ұясына қатынайды. Айта кетейік, Мақтаарал ауданы бойынша 9 елдімекеннен жалпы саны 560 оқушы мектептерге тасымалданады.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Мау 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

4

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея