Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту басты міндет

207 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-05-04

Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасының жүзеге асуы мен ауданға инвестиция тарту арқылы жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қала, кент, ауылдық округтермен қатар барлық бөлім басшыларының қатысуымен өткен жиында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған жоба аясында Ж.Ералиев ауылдық округінің басым бағыты сүтті бағытындағы мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы болып табылатындығы айтылды. Бүгінгі таңда округ бойынша жобаға қатысуға ниет білдірген 78 тұрғынның 10-ы атаулы әлеуметтік көмек алушылар. 61 қатысушы сүтті бағытындағы мал шаруашылығына қажетті 451 млн теңгеге, 8 қатысушы жылыжай салуға қажетті 60 млн теңгеге, басқа да бағыттар бойынша 35 млн теңгеге 9 азамат және кооперативті дамытуға 28 млн теңгеге тізім жасақталған. Тексерілген 25 қатысушының 3-і комиссияға жолданса, 22 құжат қайта өңдеуге жіберілген. Одан бөлек қазіргі таңда 52 құжат дайындалып, «Ырыс» МҚҰ мамандарымен біргелікте тексерілуде. Ал, 10 155 тұрғыны бар Қарақай ауылдық округінде 130 адам пилоттық жобаға қатысуға ниет білдірген болса, соның ішінде 36 адам атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 6 адам жұмыссыз, 21 адам аз қамтылған отбасы санатындағылар. Өтініш білдірушілердің 90-ы отбасылық сүт фермалары, 5 адам жылыжай шаруашылығымен айналысуға жәна 15 тұлға өзге салада жеке кәсібін ашуға ниет білдіргендер. Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес ауданға инвестиция тарту жұмыстарын жүйелі, қарқынды жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін азаматтардың жеке қаражаттары есебінен Ж.Ералиев ауылдық округінен құны 300 млн теңгеге 10 мың тонналық «Тұран Мақта» ЖШС «Мақта шикізатын өңдеу зауыты» жобасын, Жетісай қаласынан құны 150 млн теңге болатын «Тоқыма емес мата өндірісі» жобасын, Мақталы ауылдық округінен құны 175 млн теңге болатын «Мақталы Жер» ЖШС «Тұқымдық шит өндірісі зауыты» жобасын іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, негізгі табысы аргосекторға тікелей байланысты ауданның егістік жерінің басым бөлігіне мақта дақылы егілетіндіктен шаруалардың табысын арттыру үшін ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Бұл бойынша ауданға жан-жақты инвесторлар тарту мақсатында көршілес Өзбекстан Республикасында мақта кластерін дамыту үшін инвесторлармен іскерлік кездесулер өткізіліп, екіжақты келіссөздер жүргізудің алғышарттары жасалуда. Жиын соңында аудан әкімі жауапты сала басшылары мен әкімдерге жұмысты жандандыру керектігін тапсырып, бақылауда ұстайтынын жеткізді.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея