Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

Жайылым жер мәселесін шешу бойынша жұмыстар атқарылуда

83 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-05-13

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының әкімі Жарты төбе ауылдық округі тұрғындарымен жер мәселесі бойынша кездесті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Нурполат Талипов, ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұржан Кукеев, ауыл биі мен иеленушілер қатысты. Жүздесу барысында ауыл биі Жарты төбе ауылдық округіне қарасты Бостандық елді мекенінен Көктерек кентіне өткізілген 39 га жерді мал жайылымы ретінде пайдалануға алу мақсатында ауыл тұрғындары атынан арыз-шағымын жеткізді.Ауыл биінің мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы: -Бүгінгі таңда жайылым жер өзекті мәселе. Дей тұрғанмен аталған 39 га жердің 22 га егістік мақсаттағы жер болғандықтан жайылым жер ретінде біреудің меншігіндегі жерді заңсыз алып бере алмаймын. Ал қалған 17 га жерді ортақ мал жайылымына беру бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады,-деді. Айта кетсек, ауданның жер көлемі 418 117 гектарды құрайды. Оның ішінде 332 843 гектары – ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жерлер. Ал жалпы жайылым жер көлемі – 292 915 гектар. Аудан бойынша ағымдағы жылдың басында елді мекендердегі жайылым қажеттілігі 1 379 304 гектарды құрайды. Елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін ұлғайту жоспары әзірленіп, қала, кент және ауылдық округ әкімдерімен келісілген. Бекітілген жоспарды орындау бойынша жұмыстар екі бағытта жүргізіліп жатыр. Бірінші бағыт – мақсатына сай пайдаланылмаған жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару. Екінші бағыт – ірі жер пайдаланушылармен меморандум түзу арқылы жайылым жер иеленушілерімен ортақ пайдалануға ұсыну. Аталған жоспар кезең-кезеңімен орындалуда. Ауыл халқы 28 262 гектар ортақ жайылыммен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 1976 гектары жайылым жер мемлекет меншігіне қайтару жолымен іске асса, 58 608 гектары ірі жер пайдаланушылармен келісім орнату (меморандум) арқылы орындалды.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея