Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

Ауыл шаруашылығының дамуына серпімді үлес қосып отыр

94 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-05-16

Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қатысушы елдердің азық-түлік жүйелерін неғұрлым тиімді үйлестіру талап етіледі. Бұл туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер министрлерінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі 8-ші кеңесінде вице-министр Бағлан Бекбауов мәлімдеді. Оның айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігінің ахуалына әсер ететін маңызды мәселе климаттың өзгеруі және ауыл шаруашылығына әсер ететін энергия ресурстарының қымбаттауына байланысты тәуекелдер болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ішкі міндеттерді шешу үшін Қазақстан ішкі өндірісті ұлғайту және бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөнінде нақты шараларды қабылдап жатыр, деп атап өтті вице-министр. Қазақстан Үкіметі екі маңызды стратегиялық құжат – АӨК-ті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарында көзделген азық-түлік жүйелерін дамытудың қағидаттары мен тәсілдерін ескеретін саланы дамытудың 5 жылға арналған ұлттық жобасын қабылдады. Айта кетейік, былтыр Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытудың оң үрдісі байқалады. 2022 жылы елімізде соңғы 10 жылда 22 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі жиналды. Ауыл шаруашылығының өсімі 9,1% құрап, 21,5 млрд долларға жетті, деп қосты Бағлан Бекбауов. Қазақстан көрші елдер тарапынан өсіп келе жатқан сұранысты ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту міндетін қойып отыр. Жекелеген позициялар бойынша экспортқа енгізілетін шектеулерге қарамастан, соңғы 2 жылда АӨК өнімінің экспорты оң серпінді көрсетіп, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 5,6 млрд долларды құрады. Осы орайда ауыл шаруашылығы саласының дамуына Түркістан облысы серпімді үлес қосып отыр. Бүгінде өңір мал шаруашылығын қарқынды дамытып отыр. Жылыжайлардың 71 пайызы облыстың үлесінде. Сондай-ақ маңызды мәселелердің бірі - ауыл шаруашылығында су ресурстарын тиімді пайдалану болып табылады. ШЫҰ елдерінде су тапшылығының ауқымы кеңейіп келеді. Осыған орай жерді суару және мелиорациялау, суарудың заманауи технологияларын, сондай-ақ ылғал ресурстарын үнемдейтін технологияларды енгізу бойынша міндеттер назарда болуы тиіс, деп атап өтті вице-министр. Айта кетейік, 2023-2024 жылдары ШЫҰ-ның төрағалығы Қазақстанға өтеді. Ел экономиканың аграрлық секторындағы көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және "ақылды" ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. Бұдан бөлек, "ШЫҰ-ФАО" форматында азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша диалог жүргізу және басқа да бірқатар іс-шаралар жоспарланып отыр.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея