Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

Жер қорына алынған жерді елді мекен халқы ортақ жайылымдық жер ретінде пайдаланады

53 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-06-06

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, оларды толғандырған сұрақтарына жауап беріп, өтініштерін тыңдады. Қабылдауға келген Кемеқалған ауылдық округінің тұрғыны, «Ақсар» ӨК төрағасы ретінде кооператив иелігіндегі жерден ортақ жайылымға 4500 га жер бөлуге келісімге келгенімен онда туындап отырған мәселелер бар екенін айтып, көмек сұрады. Аудан әкімі арнайы жер қорына алынған жерді елді мекен халқы ортақ жайылымдық жер ретінде пайдаланатынын, оны ешкім өз жеке меншігіне ала алмайтынын түсіндіріп, заң аясында құжаттарды реттеуге көмек беретінін айтты. Ленгір қаласы І мөлтек аудан тұрғындары №18 үйдің жертөлесіндегі құбырды ретке келтіріп, аулаға орнатылған шағын сауда бутигін басқа орынға орналастыруды сұранды. Мөлтек аудан аумағына қойылған балалар ойын алаңшасы, түнгі жарық, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бейнекамералар үшін алғыстарын жеткізді. Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелер тұрақты бақылауында болатынын, заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын айтты. Қабылдау барысында тұрғындардың бірқатары аудан әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, оның тың бастамаларынан зор үміт күтетіндіктерін айтты.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея