Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

Ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамып келеді

66 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-06-06

Бүгін Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Төрткүл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, жыл басынан атқарылған жұмыстарға және алдағы уақытта іске асырылатын жобаларға кеңінен тоқталды. Кездесудің соңы сұрақ-жауап форматына көшіп, тұрғындар түрлі мәселелерді көтеріп, сауалдарын қойды. Аудан басшысы әр сауалға тұшымды жауап беріп, олардың барлығы хаттамаға енгізілді. Жиыннан кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Биыл Төрткүл елді мекенінде газдандыру жұмыстары толық аяқталады. Ауылда 1296 абонент бар. Қазіргі таңда 700-ге тарта үймен келісім-шарт түзілген. Сондай-ақ Спатаев ауылында да газ тарту жұмыстары биыл бітеді. Онда 214 абонент болса, бүгінгі таңда 150 үймен келісім-шарт түзілген. 306 абоненті бар Қызылжар, 114 абоненті бар Елшібек батыр ауылдарындағы газ тарту жұмыстары да осы жылы аяқталады. Ал, Көкарал мен Еңбекші ауылдарына табиғи газ келесі жылы беріледі. Арыстанды, Жайылма, Ақсары ауылдарына газ тартуға ЖСҚ әзірленіп, тиісті мекемелерге ұсынылған. Төрткүл елді мекеніндегі құрылысы тоқтап қалған 300 орындық мектептің, Қызылжар ауылындағы 300 орындық қосымша оқу корпусының құрылысы қайта жанданатын болады. Қарабастау, Еңбекші ауылдарында ФАП-тың құрылысы жүргізіледі. Биыл Қызылжардағы ауылдық клубқа қайта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жыл басынан Төрткүл а/о ауылшаруашылық саласына 39 млн.тг.инвестиция тартылған.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея