Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 329,1 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 110 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

163 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-09-13

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында аграрлық салаға аса басымдылық беріп, инвестициялық-инновациялық тартымдылығын арттыру, Қазақстанды Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналдыру міндетін қойып отыр. Ол үшін алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу көзделген. Бұл бағытта Түркістан облысында жоспар жасалып, ауқымды жұмыс атқарылмақ. Аталған мәселе облыс әкімі Дархан сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды. Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері сөз болып, саланы дамыту жолдары қаралды. Бүгінде облыста жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бойынша – 22, ет өнімдерін қайта өңдеуде – 8, сүт өнімдерін қайта өңдеуде 23 кәсіпорын жұмыс істейді. Аталған кәсіпорындардың басым бөлігінің технологиялық ескіруінен жеміс-көкөніс өнімдерінің 0,23 пайызы, ет өнімдерін 12,3 пайызы, сүт өнімдерінің 13,6 пайызы ғана қайта өңделуде. Бұл бағыттар бойынша жұмыс жүйеленіп, кәсіпорындар санын арттыру көзделіп отыр. Халықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету бағытында 2027 жылға дейін жалпы құны 329,1 млрд. теңгені құрайтын 110 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Биылғы 7 айда құны 10,6 млрд. теңгені құрайтын 26 жоба іске қосылып, 334 жұмыс орны ашылды. Атап айтсақ, 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасы бойынша 2 жоба, мал бордақылау алаңын салу – 5 жоба, жаңбырлатып суғару – 4 жоба, 2,1 га фермерлік жылыжай салу – 5 жоба, балық өсіру – 5 жоба, сүт өңдеу цехын салу – 4 жоба және мал сою цехы мен бекетін салу бойынша 2 жоба жүзеге асты. ҚР АШМ қайта өңдеу кәсіпорындарын құру және кеңейту жобалары бойынша инвестициялық субсидияны 2024 жылдан бастап 50 пайызға ұлғайту жоспарлануда. Осы арқылы өңдеу көлемін 2027 жылға қарай кемінде 40 - 50 пайызға арттыру межеленіп отыр. Өңірде Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде ірі сүт тауарлы фермаларын құруға 2023 жылға республикалық бюджеттен 6 млрд. теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея