Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН ҚОҚЫС ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕМЕК

157 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-09-14

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға онлайн қатысқан тұрғындар да болды. Олар әлеуметтік, кәсіпкерлік, инфрақұрылым жүйелері бойынша өз сұрақтарын жолдап, тиісті жауаптарын алды. Қабылдауға келген тұрғынның бірі Ақтөбе ауылдық округі аумағынан бірінші дәрежелі автотұрақ салуды жоспарлап отырғанын, аудан әкімінен қажетті жер телімін қарастырып беруін сұрады. Өз кезегінде аудан басшысы тиісті заң нормаларына сәйкес тұрғынның өтініші негізінде шешім қабылданатынын айтты. Онлайн режимде қабылдауға жазылған Қарағанды облысының тұрғыны қайырымдылық мәселесінде өз өтінішін жеткізді. Аудан әкімі қажетті құжаттарын жолдауын, мүмкіндігінше қолдау көрсетуге әрекет жасайтынын атап өтті. Абай ауылының тұрғыны қайта өңдеу кәсібін ашуды жоспарлап отырғанын, жоспарын іске асыру үшін жер телімі және ұйымдастыру шараларына атсалысуды сұранды. Аудан басшысы кәсіпкердің бастамасы жан-жақты қолдау табатынын жеткізді. - Қайта өңдеу саласын дамыту бүгінгі таңда өте маңызды жобалардың бірі. Әкімдік тарапынан Сізге қажетті қолдау болады. Сіз көшелерге арнайы қоқыс жәшіктерін орнатуды қолға алыңыз. Әкімдік тарапы арнайы белгіленген полигон аумағынан жер телімін қарастырып береді. Ол жерге инфрақұрылым жүйесі де тартылады. Жобаңызды ауданымыздың барлық елді мекенінде жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылады, - деді Жәнібек Есенұлы. Аудан басшысының қабыладуына жазылған Жүзімдік ауылдық округінің тұрғыны өз көшесіне шағал тас төсеп беруін сұранды. Тұрғын сұранысы алдағы атқарылатын жұмыс жоспарына енгізіліп, бақылауға қойылды.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея