Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фб

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРМЕН АЙНАЛЫСАТЫН МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

146 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-09-16

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасына сәйкес арнайы құрылған мобильді топ Жетісай және Мақтаарал аудандарына іс-сапармен барды. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бастаған топ мүшелері мақта мәселесі бойынша аймақтағы зауыттардың алдағы науқанға дайындығымен және мақта класстерін дамыту бойынша жергілікті әкімдіктердің атқарған жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, ауданға қарасты ауыл әкімдері, ауылшаруашылығы және жер қатынастары саласының мамандарымен жиын өтті. Айта кетейік, бүгінгі күні Мақтаарал ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 60,8 мың гектарға жеткен. Оның ішінде 18,2 мың тонна көкөніс, 411,4 мың тонна бақша, 5,1 мың тонна картоп өнімдері жиналды. Қысқы маусымға қажетті 120 мың тонна мал азығы анықталып, 73,5 мың тонна өнім дайындалды. Ал, Жетісай ауданында биылға ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 79,2 мың гектарға жетіп отыр. Бүгінгі күнге 71 мың тонна көкөніс, 614,2 мың тонна бақша, 1,8 мың тонна картоп өнімдері жиналған. Қысқы маусымға қажетті 195 мың тонна мал азығы анықталып, 160,5 мың тоннасы дайындалған. Аудандарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру үшін заманауи ылғал үнемдеу технологияларын енгізу және озық инновациялық әдістерге көшу бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея