Экономика ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ Редактор 22.09.2023 22040 1 оқу мин Түркия Республикасы Ван қаласының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Недждет Таква және Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Тараптар кәсіпкерлік саласында тығыз байланыс орнатып, сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға күш салуға келісім жасасты. Алдағы уақытта екі ел компанияларының инвестициялық жобаларын жүзеге асыруда тікелей байланыс орнатуға жағдай жасау көзделіп отыр. «Turkistan» индустриалды аймағындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысымен танысқан делегация өкілдері инвестор ретінде жаңа жобаларды қолға алуға ниетті. Жоспарға сәйкес «Экобазарға» арнайы барған түркиялық меймандар кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Самат Көшкінбаймен жүздесті. Кездесуде Самат Жандарұлы құрылғанына 5 жыл толған облыстың экономикалық даму бағыты туралы атап өтті. Түркістан өңіріндегі кәсіпкерліктің даму перспективасын жоғары бағалаған қонақтар кәсіпкерлердің тәжірибе алмасуы бағытында да байланыс орнатуға дайын. Екіжақты келіссөз нәтижесінде қос тарап кәсіпкерлердің семинарларға, курстарға немесе тағылымдамаларға қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесетін болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 8511 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 7139 Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 57996