Руханият ТӨЛЕБИЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ КИІМДЕР ШЕБЕРХАНАСЫН АШҚАН Редактор 16.03.2023 3077 1 оқу мин Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен Наурыз мерекесін ерекше дәстүрмен атап өту мақсатында аптаның дүйсенбі күнінен бастап Төлеби ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері жұмыс орнына ұлттық нақыштағы киім үлгісімен келуді қолға алды. Ауданда ұлттық киімді насихаттау бағытындағы бұл үрдісті жалғастыру қолға алу көзделуде. Ұлттық құндылығымызды дәріптеуге аудандық кәсіпкерлер де өз үлестерін қосып жатыр. Қала тұрғыны Бекмұратова Гүлнәр былтыр жұмыссыз ретінде Төлеби ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша онлайн негізіндегі оқу курсын аяқтаған. Аудан тұрғыны биылғы жылы мемлекеттік грант алу комиссиясында «Мүгедектігі бар азаматтар» санатымен «Ұлттық киімдер тігу шеберханасын ашу» бизнес жобасы мақұлданып, 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі мемлекеттік грант иегері атанды. Қазіргі таңда кәсіпкер ұлттық киімдер тігу бойынша өз жеке кәсібін ашып, жұмыс жүргізуде. Бүгінде ұлттық оюлармен өрнектелген костюм, камзолдарға деген сұраныс артқан. Шеберлік қасиеті анасынан дарығанын кәсіпкер екі ұл тәрбиелеп отыр. Ұлттық қолөнер, салт-дәстүрімізді жетілдіріп, рухани байлығымызды дәріптеп отырған шебер шәкірттер де тәрбиелеуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 1 оқу мин Руханият «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 04.04.2024 8268 КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 20.03.2024 9140 ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 18.03.2024 13980