Руханият Түркістан облысының оқушысы «Ақылды ферма» жобасын жасады Редактор 24.03.2023 14196 1 оқу мин Түркістан облысы Төлеби ауданы № 6 мектебінің 6 сынып оқушысы Елдос Елудің «ақылды» ферма жасап шығарды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Елдостың макет күйіндегі «ақылды» фермасында жұмыс процесі автоматтандырылған. Бұл фермадағы жұмысты қашықтан басқаруға, фермердің жұмысын жеңілдету арқылы оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік бар. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін оқушыға информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Шахаманова қолдау көрсетті. Елдос «Ақылды» ферманың макетін жасауда үшөлшемді графиканы тез құруға және өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламаны қолданған. «Ультрадыбыстық датчик адам немесе малдың «ақылды» фермаға жақындағанын сезіп, серводатчиктың көмегімен шлагбаум көтеріліп, бірнеше секундтан кейін жабылады. Фермадағы датчиктер арқылы жұмыс істейтін аппараттар малға уақтылы жем-шөп, су беріп, түнгі жарықпен қамтамасыз етеді, малды әрі-бері жүргіздіріп немесе жүгіртіп тұрады. «Ақылды» фермадағы жұмысты мобильді телефонға орнатылған бағдарлама арқылы басқаруға да болады», — дейді жас өнертапқыш. Елдостың бұл жобасы ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде І орынға, ал облыстық кезеңде ІІ орынға ие болды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Бәрі жабылады… 1 оқу мин Руханият Бәрі жабылады… 12.05.2026 6753 «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды 1 оқу мин Руханият «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды 11.05.2026 7642 Түркістанда республикалық ақындар айтысы өтті 1 оқу мин Руханият Түркістанда республикалық ақындар айтысы өтті 25.03.2026 17647