Руханият Мақтааралда «Әжелер сөзі — тәрбие көзі» атты байқау өтті Редактор 13.04.2023 21794 1 оқу мин Бүгін «Мақтаарал» мәдениет үйі МКҚК-на қарасты Кеңесшіл ауылдық мәдениет үйінде «Әжелер сөзі – тәрбие көзі» атты аудандық әжелер байқауы өтті. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, отбасылық тәрбиеде әжелер орнының ерекшіліктерін насихаттау, жастарды имандылыққа, мейірімділікке баулуды мақсат еткен байқауға 11 үміткер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 62 жастағы Мырзакент кентінің тұрғыны Гүлжан Жанисова жеңімпаз атанып, 77 жастағы Атакент кентінен Өктем Батырханова 2 орынмен, Жамбыл ауылдық округінен Майсагүл Пашаева мен Мақтарал ауылдық округі Қыздаркүл Саржанова 3 орынмен марапатталды. Сонымен қатар, «Өнегелі әже», «Шебер әже» және «Сымбатты әже» сынды номинация иегерлеріне де бағалы сыйлықтар және дипломдар табысталды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Бәрі жабылады… 1 оқу мин Руханият Бәрі жабылады… 12.05.2026 6753 «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды 1 оқу мин Руханият «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды 11.05.2026 7642 Түркістанда республикалық ақындар айтысы өтті 1 оқу мин Руханият Түркістанда республикалық ақындар айтысы өтті 25.03.2026 17647