Саясат САЙРАМ АУДАНЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 178 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ Редактор 28.03.2023 12828 1 оқу мин Сайрам ауданында «Күміс жас» жобасына сәйкес, аудандық жұмыспен қамту орталығы тарапынан жылдық жоспар бойынша 180 адамды қамту көзделген. Бүгінгі таңға 178 адам аталған бағдарламаға тартылған. Тарқата айтсақ, жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар қатыса алады және қатысу мерзімі 36 айдан аспайды. Жоба шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін алғашқы 12 айында жалақы мөлшерінің 70 %-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды. Қатысудың 13-ші айынан бастап 24-ші айына дейін жалақы мөлшерінің 65 %-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды. Сондай-ақ, жобаға қатысудың 25-ші айынан бастап 36-шы айына дейін жалақы мөлшерінің 60 %-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды. «Күміс жас» жобасы аясында зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтар уақытша жұмыспен қамтылады. Жобаға қатысушылардың жалақысы жартылай мемлекет тарапынан және жартылай жұмыс беруші тарапынан төленеді. Айта кетсек, жобаға қатысу мерзімі аяқталған соң, жұмыс беруші зейнет жасына жақындаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылдауға міндетті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 368126 В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 1 оқу мин Саясат В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 18.02.2025 399556 Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 1 оқу мин Саясат Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 18.02.2025 407324