Шахмат — ақыл ой мен қырағылықты қатар қажет ететін интеллектуалды ойын. Шымшаһардың төл мерекесіне орай шыңдалған 23 шахмат шебері мен әуесқой 36 қатысушының арасында дәл осы спорт түрінен сайыс өтті. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында өткен шахмат додасында 63-ті алқымдаған ардагерлер ғана бақ сынады. «Ақ тұлпар» шахмат клубы мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған сайыс ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді. Шара швейцарлық жүйе бойынша 7 тур, 25 минуттан тұрды. Серік Бөлегенов – ұйымдастырушы «Ең алды шахматшылардың арасында, әуесқойлардың арасында 98 жастағы Қалел атамыз қатысып отыр. Жарыс қалалық спорт бөлімінің басшыларымен бірігіп өткізіліп жатыр. Рахметімізді айтқымыз келеді бөлім бастығы Әбдіқұлов Намазбай Андақұлұлына». Тән саулығы мен жан қалауын үндестіріп, жер-жерден жеткен қатысушылар шеберлігін шыңдап, замандаспен тілдесіп мәре-сәре. Сондай-ақ, қазыналы қарттардың белсенділігі мен алғырлығы көз қуантады. Қатысушылардың ендігі тілегі: «Бір сарынды өтіп жатқан өмірді түрлендіріп, осындай сайыстар жиі ұйымдастырылса», — дейді. Спикер: Марат Сейсебаев – қатысушы «Қолымыз босаған кезде демалыста осындай мерекелерде қатысып тұрамыз. Қарсыласым Сайрамнан келген. Біз қазір көбісін білмейміз, әр жақтан келеді ғой. Бұл жерде тек қана әуесқой мен әуесқой, кәсіпқойлар мен кәсіпқой қатысады». Сайыс соңында қатысушылар құр алақан қалмады. Қара үзіп, шашасына шаң жуытпағын жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, қаржылай сыйлақтарға ие болды.
ДАНА Мырзақадір