Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-29

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының "Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" пилоттық жобасы аясында және Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" жолдауын жаңғырту мақсатында бүгін, Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс ауданындағы Байырқұм ауылдық округінде ауыл жастары арасында кіші футбол жарыс өтті. Әрдайым спортты жанына серік еткен арыстық жастардың қатары көп. Салауатты өмір салтын ұстанып, үнемі спорттық сайыстардан шет қалмайтын арыстық жастар облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүр. Аудан орталығында, одан бөлек ауыл ауылдарда өткізіліп жатқан жарыстарға да жастар белсене атсалысады. Бұл жолғы жарыста да атой салған командалар қызықты ойын өрнегін көрсетті. Алдағы уақытта да осындай жарыстардың көптеп өткізілсе деген ниеттері барын да жасырмады.
Жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, олардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылған жарысқа 5 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Аталған жарысқа Арыс қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің тартысты ойында өзінің ойын өрнегімен ерекшеленіп, жеңіске жеткен командаларды бағалы сыйлықтармен марапаттады.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Там 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

8

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея