Күні кеше Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ—түрік университетінде «Қазақ хандығының тарихындағы Түркістанның орны» атты халықаралық ғылыми—теориялық конференция болып өтті. Аталмыш конференцияны Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ—түрік университеті және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи—мәдени қорық—мұражайы» бірлесе ұйымдастырды. Басты мақсат – тәуелсіздігімізді түғырлы ету, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру. Конференция жұмысы ұлттық тарихымызды қайта зерделеуде ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын Түркістанның тарихын, Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен оның кесенесін, кесенеде жерленген ата-бабаларымыздың өнегелі жолын насихаттауға арналды. Халықаралық дәрежедегі конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, АҚШ Индиана университетінің, Финляндия Оулу университетінің, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының, Марджани атындағы Тарих институтының, Түркия елдерінің ғалымдары қатысты. Алғысөзді ХҚТУ Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі вице-президенті, профессор Т.Раимбердиев жеткізді. Сауын айтылып жан-жақтан жиылған ғалымдарға профессор Т.Раимбердиев оқу орны атынан арнайы естелік сыйлықтар табыстады. Сөзбасында өзінің жүрекжарды лебізін жеткізген Т.Раимбердиев Мәдениет институтының профессоры Ирина Ерофееваға «ХҚТУ Құрметті профессоры» атағын табыстады. Дәрежесі жоғары атақ ғалымға тектен тек беріліп отырған жоқ. Профессор Ирина Ерофеева «Қазақ хандары: XVII-XVIII ғасырлардағы Сырдария өлкесіндегі белгілі, белгісіз билеушілер» атты еңбегімен қазақ хандығын насихаттауға орасан зор үлес қосқан бірегей ғалымдардың бірі. Бұл 2 томдық еңбекте 818 қазақ хандарының хаттары, көптеген тарихи құжаттары топтастырылған. Халықаралық конференцияны ХҚТУ «Түркология» ғылыми-зерттеу институтының директоры, әдебиет зерттеушісі, профессор Құлбек Ергөбек жүргізіп отырды. Басқосудың екінші бөлігінде «Қазақ хандығы және Түркістан», «Қазақстан тарихындағы қала мен дал», «Қазақстан аумағындағы көне және ортағасырлық мемлекеттер», «Қазақ мемлекеттілігі және тұлғалық фактор», «Қазақ даласындағы ұлттық пантеондар», «Қазақ даласындағы ғылым-білім ордалары» атты секцияларда өрбіді. Пленарлық мәжілісте АҚШ Индиана университетінің профессоры Акрам Хабибуллаев «Медресе Халифа и его роль в распространении религиозного знания в Казахстане», Финляндия Оулу университетінің PhD тарихшысы Роман Хаутала «Латинские источники о религиозной политике чагатаидских ханов во второй четверти VIV столетия», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д., Кәрібаев, Берекет Бақытжанұлы «Түркістан аймағының Қазақ хандығы үшін маңызы», Түркия, Гази университетінің профессоры, PhD, доценті Айхан Пала «Осман империясы мен қазақ хандығының қарым-қатынастары», Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Нұрлан Атығаев «О некоторых символах власти (трон и корона: от монгольской империи к казахскому ханству) о дипломатических контактах казахского ханства с мусульманскими государствами (XVI-XVIIIв)», Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.к., Исин Амантай Исаұлы «Мәскеу мемлекетінің елшілік кітаптарындағы қазақ хандығы тарихына қатысты деректер және олардың игерілуі жайлы», Өзбекстан ҒА Тарих институтының ғылыми қызметкері Гулбоев Низомиддин Нормаматович «Казахи и Хивинское ханства (XVI – начало XXв.)», Ахмет Ясауи университетінің археологы, т.ғ.д., Мұхтар Қожа Бахадырұлы «Қазақ хандығының тарихына байланысты жаңа заттық деректер» атты баяндамаларын оқыды. Қадау-қадау еңбектер еленбей қалмақ емес. Ғылыми басндамалар алдағы уақытта арнайы жинақ болып басылады.
Связанные истории
13.09.2024
261023