Соңғы түйенің жүгі ауыр демекші, мазмұнды бағдарламаның соңғы, 100-ші қадамы да салмақты. Мұнда негізгі міндет Канаданың «Канада сервис» және Австралияның «Сентелинк» жобасына ұқсас «Азаматтар үшін Үкімет» бағдарламасын жасап, оны іске асыру болып табылады. Бұл орайда жобаның біздегі алғышарттары да нәтижесіз емес. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаралда кәсіпкерлердің дені мемлекеттік қызметтерді бір жерден пайдаланатын болған.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бизнес иесінің проблемасын жеңілдетеді. Мұнда тұрғын үйдің нысанына коммерциялық құрылыс салу, оның құжаттарын рәсімдеу істері әп-сәтте бітеді. Ержігіт Дінтаев — Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Мақтарал аудандық филиалының менеджері «Кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапа менеджменті — ИСО 9000 сериясына сәйкестендірілуі Бақыт Қасымбеков сынды азаматтарға тиімді болды. Бизнесмен бұған дейін өзіне көрсетілген қызметтерге разы. Қолға алған ісі алға басты. 5 тұрғынды жұмыспен қамтыды. Енді тағы да кәсібін ұлғайтпақшы». Бақыт Қасымбеков — Шағын кәсіпкер «Бұл цехтың шеберлері аз уақыт ішінде мекемелер мен бала-бақшалардан тапсырыс алып, өздерінің жасаған бұйымдарының сапалалығымен ерекшеленіп келеді. Келешекте бірнеше нүктесін ашуға мүмкіндік тумақ». Нұрсұлтан Тұрлыбеков- Жұмысшы «Ауданда өз кәсібін дөңгелетіп жүрген шағын кәсіпкерлер мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің арқасында армандаған кәсібінің жемісін көріп келеді. Кәсіпкерлік – ел экономикасының серпінді күші. Алға, іскер азамат!»
НҰРСҰЛТАН Әбдірашит