Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал ауданындағы «Талапты-2017» ауыл шаруашылғы өндірістік кооперативі модульді мал сою бекетін ашуды жоспарлап отыр. Бүгінде кәсіпкерлікті қолдау аясында атқарылып жатқан қолдауды естіп аудандық қорға хабарласқан болатын. Асықата ауылындағы орталыққа келіп несие рәсімдеуді ниет еткен. кооперативтің 14 мүшесі де «Береке» бағдарламасы арқылы 4 миллион теңге несие рәсімдеуді қолдап отыр. аталған қарды ірі қара мал сатып алуға жұмсалмақ. Бүгінде барлық құжаттарды жинап үлгерді. Жылдығы 6% несиені алу үшін енді комиссия шешімін күтіп отыр. «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 8 ай ішінде қаржыландыру мәсіелесімен 500 ден аса азаматқа кеңес берген. Құжат түгендеу бойынша 466 кәсіпкерге қызмет көрсеткен. «Кәсіпкерліктің негіздері» оқыту курстарын 120 адам дәріс алған. ал ауылшаруашылығы кооперативін құрғысы келгендерге арнайы сайттан көмек алуына болады. Кәсіпкер Ербол Борашев 15 минут ішінде құжаттарын түгендеп өткізіп үлгерді. Енді ол мал бордақылау және мал сою бекеттерін ашуды ниет етіп отыр. осылайша кәсіпкерлікті қолдаудың арқасында қаншама кәсіпкер нәсібін арттырып отыр. алдағы уақытта кәсіпкелер қатары артары сөзсіз.