Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауданында бау шаруашылығы қарқынды дамып келеді. «СПК- Бірлік» ЖШС і алманың жаңа сорттарын өсіруді қолға алып отыр. алма баудың жалпы аумағы 70 гектарды құрайды. мұнда заманауи жаңа технология қолданылады. көшетті күннен қорғайтын торлар Италиядан әкелінген. Тамшылатып суғару жүйесі «Аийк» израйльдік компанияның өнімі. жұмысшылар Италияда оқу курстарынан өткен. Ермахан Сұлтанбеков, «СПК Бірлік»ЖШС нің агрономы: «Мұнда алманың төрт түрі отырғызылған. Биылғы жылы алғашқы нышанын береді. Бір түп алмадан 3-5 келі шығады. бір гектарынан 8 мың келі алма жиналмақ. Әр түп алмға жақсылап күтім жасаймыз» дейді. Алма бағы тау етегінде орналасқан. Бауды суғару үшін бақшашылар арнайы сыйымдылығы 3 мың шаршы метрлік бассейн салыпты. Қайрат Белсебеков, «СПК Бірлік» ЖШС нің су маманы: «Каналадан біздің баққа дейін 560 шақырым. сол каналдан бассейнді толтырамыз. Тазартыш арқылы суды тазартып, алмаларды суғарамыз. Барлық құрылғылар, сусорғыштар барлығы да израйльдік компанияныкі» дейді. мұнда салынған алғашқы капитал 1 миллиард 200 миллион теңгені құрайды. Ол ауыршаруашылығын қолдау қорынан берілген. Кәсіпкердің қоластында 18 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылып отыр. Терім кезінде келісімшарт бойынша тағы да 100 адам жұмыспен қамтылады. Кәсіпкердің алдағы жоспарына кәсібінін ұлғайту болып отыр.
ГУЛЬНАРА Шагдарова