«Уран өндірісіне роботтандыру және цифрлық технологияны ендіру қажет». «ҚазАтомөнеркәсіп» Ұлттық Атом компаниясының басшылығы осылай дейді. Елбасының биылғы Жолдауында Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде жан-жақты айтылған болатын. Осыны жүзеге асыру үшін өнеркәсіп ұжымы Ұлттық атом компаниясын цифрландыру жұмысын жүйелі атқаруда. Кәсіпорын қазірдің өзінде өндірістегі түрлі датчиктерден келіп түсетін ауқымды ақпараттарды жинап, өңдеу ісін жолға қойған. Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысында «ҚазАтомөнеркәсіп» кәсіпорны «Цифрлық кеніш» жобасын өндіріске енгізген болатын. Бұл жүйе деректерді жинап, өндірістік процесті оңтайландырады. Жабдықтардың бос тұруын қысқартып, штаттан тыс оқиғаларды анықтайды. Асқар Жұмағалиев — «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» басқарма төрағасы 1жобасынан түскен экономикалық тиімділік 12 млрд. теңгеге жетеді. Уран өндірісінде қазір дайын өнімді ыдысқа салу желісін роботтандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жоба нәтижесін берсе, бұл салада адам факторына деген қажеттілік азаяды1.Жыл соңына дейін уран өндірушілер құлтемірлерді қолданысқа енгізеді. Өндірістік нысандарға дрон қондырғысы жүк жеткізетін болады. Бұл жұмысты жеңілдетпек. Әрі шығынды азайтады. Жоба қауіпсіздік жағынан да тиімді.
ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы