Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал ауданындағы кәсіпкер Е.Ералиевтың алма бауының бүгінде түсімі молынан. Үшінші жыл қатарынан бір гектарынан 21 тоннадан алма жинауда. Осы уақытқа дейін барлығы 170 тонна алма жиналып отыр. Жүзімі 120 тонна жиналды. Жергілікті базарларда келісін 250 теңгеден саудалады. Ал жиын терім басталғанда келісін 400 теңгеге сатқан болатын.
Кәсіпкер мұндағы алма, жүзімнің көшеттерін Италиядан әкелген болатын. Алма бауының агрономы әкелінген көшеттерді жергілікті жердің жағдайына бейімделуі үшін күтіп баптауда. Келешекте мол түсім беретін болады.
Ербол Жолдасбайұлы бұрындары мақта шаруашылығымен айналысқан болатын. Соңғы әлетте бау бақша шаруашлығымен айналысуда. Жүзім шаруашылығындағы тәжірибесі де аз емес. Өнімнен мол түсім алу үшін ғылыми жұмыстарымен де айналысатыны бар.
«Қаншама жылдық тәжірибемнен түсінгенім кез келген көшеттің ерте өнім беретінін таңдау қажет екен. Сонда базарға да ерте шығарасың, өнімді де ерте жинап аласың. Одессалықтармен келісімшартым бар, олардан ерте өнім беретін жүзімнің ондаған түрін сатып аламын. Күзде оларды 35,5 гектар жерге отырғызбақпын» дейді.
Асықата аумағында суғармалы жерлер кеңес одағы кезінде бау бақшалыққа және жүзім аумағына берілген болатын. «Киров» зауытының кезінде атағы алысқа кеткен болатын. Мұнда шарап зауыты болған. Жүзім алқаптары жүздеген гектарға жеткен еді. Кейіннен сол жүзімдіктердің бәрі оталып кетті. Енді сол жетістікті Е.Ералиев қайталамақ.