«Мустафаев» шаруа қожалығының иелігінде 20 сотық жер бар. Оның әр гектары тиімді пайдаланылады, мол өнім алу үшін.
«Біз тек қана жылыжай бизнесімен айналысамыз, — дейді агроном Б. Нұртаев. — Бірінші жыл ғана бастап жатырмыз. Қосымша жер игеруді де меңгерудеміз. Алғашқы жиналған өнім көңіл тоғайтатындай. Тек қана қызанақ отырғызғанбыз. Көшеттерді өзіміз өндірдік. Субсидия беріп қолдап жатқан мемлекетке рахмет айтамыз. Енді 15 сотық жерге қызанақ, қалғанына қияр отырғызуды жоспарлап отырмыз. Түсім жақсы болады деген үмітіміз бар. Сатып алушылар жетіп артылады. Кейбірі осында келіп алып кетеді. Қалғанын базарларға шығарамыз. Келесі терім қазан айында. Оның да түсімі мол болады деген сеніміміз бар».
ОҚО Сайрам ауданында жыл басынан бері жылыжай аумағы алты гектарға артып отыр. Қайнарбұлақ ауылындағы «Нұр Шатемір» ЖШС нің жылыжайларына түріктің технологиясы қойылған. Бұдан басқа «Баракат» ЖШС і мен «Фиркан» ЖШС тек жылыжай шаруашылығымен айналысы қана қоймай жеміс консервілейтін цех ашқан. Оның өнімдері өздерінің сауда нүктелерінде сатылуда.
Жыл соңына дейін жылыжай көлемін тағы да екі гектарға арттыру көзделіп отыр. Былтыр үш жарым гектарға арттырса биыл 8 гектарға арттыру жоспарланып отыр.
Кәсіпкерлердің кәсібін дөңгелетіп өрге басуына мемлекеттен берілетін субсидияда да көп көмегін тигізуде. Бір гектарға берілетін субсидия көлемі бір жарым миллион теңгені құрайды.